Qlever ақпарат әлеміне фейктер толқыны жақындап келеді. Фейктер дүрбелең туғызады, қоғамды жалған жауларды іздеуге бағыттайды, тәртіпсіздікке итермелейді, тұтынушыларды алдайды, аудиторияны тұрақсыздандырады, алаңдаушылық пен белгісіздік сезімін қалыптастырады.
Өзіңді суперқаһарман сезін, ақпаратты тексер, фейкті әшкереле, "Fakebusters"-те балл жинап, оларды сыйлыққа айырбаста. Әрине, медиасауатты бол, жариялап жүрген постыңа, басқан лайкыңа және шейріңе мұқият бол – ақпараттық гигиена осыдан басталады.
“Fakebusters”-де фейкті фактіден ажыратуды үйренесің. Ақпарат қаһарманы үшін бұл тіс жуғанмен бірдей!