Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Қазақстандық диджей Imanbek ремиксі «Грэмми» сыйлығына ұсынылды

26.11.2020 • 12:09

Қазақстандық Иманбек Зейкенов өзінің Roses ремиксімен «Грэмми-2021» сыйлығына ұсынылды және жеңетініне сенімді, деп хабарлайды Liter.kz.

«Маған «Грэмми» сыйлығына ұсынылғаным туралы жазғанда Instagram-да тікелей эфирде отыр едім. Сенер-сенбесімді білмедім, өйткені бұл туралы білмеген де едім», - деді қазақстандық.

Үміткерлер тізімі салтанат өтетін сайтта жарияланды. Roses трегі (Imanbek Remix) жыл ремиксі ретінде марапатқа ие болуы мүмкін. 63-ші «Грэмми» сыйлығы эфирге 31 қаңтарда шығады.

Roses әні түпнұсқасының орындаушысы - америкалық рэпер Saint JHN, бірақ бұл ән 2019 жылы қазақстандықтың ремиксі шыққаннан кейін танымал болды. Содан кейін Ақсу-1 теміржол станциясының сигналшысы, қазір 20 жастағы Иманбек Зейкенов әлемге әйгілі болды. Оның трегі Apple Music-тің үздік ондығына кірді, Shazam музыка қосымшасында 6,5 миллионнан астам қаралым жинады, Яндекс-музык чартында бесінші орынға ие болды және ол Spotify-да 4 миллион рет тыңдалды. Рэпер Saint Jhn-нің YouTube каналында миллионнан астам рет қаралды.

Roses ремикісі Shazam платформасында ең көп ізделген әндердің тізіміне енді.

Бір ай бұрын диджей және музыкалық продюсер Иманбек Зейкеновтің Usher және Marshmello-мен бірге жаңа трек жазғаны белгілі болды.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.