Америкалық және ресейлік түсірілім топтары ғарышта кино түсірейін деп жатыр және мұны бірінші болып жасауға ниетті. Екі топ та түсірілімді 2021 жылдың күзіне жоспарлаған.
NASA Круз жоспарына сәйкес, режиссер Даг Лиман және астронавт Майкл Эладио Лопес-Алегрия Илон Масктың Crew Dragon кемесімен 2021 жылдың қазан айында ғарышқа ұшады. Бұл – ғарышта түсірілген тарихтағы алғашқы фильм болады, деп хабарлайды Esquire.ru.
Space Shuttle Almanac ғарыш агенттіктерінің алдағы жылдарға арналған миссиялар жоспарын жариялады, оның ішінде Том Круздың, режиссер Даг Лайман және астронавт Майкл Эладио Лопес-Алегрианың 2021 жылдың қазан айында Илон Масктың Crew Dragon кемесімен сапары бар. Болашақ фильмнің атауы мен сюжеті әлі белгісіз. Егер Круз мен Лайман ғарышқа ұшса, бұл олардың мәлімдемесіне сәйкес, ғарышта түсірілген алғашқы көркем фильм болады.
Өз кезегінде «Бірінші арнаның» бас директоры Константин Эрнст өз командасының олардан бұрын фильм түсіретініне сенімді. Сонымен бірге Эрнст болашақ картинаның сюжеті туралы кейбір деректерді айтты. Оның айтуынша, фильмде ғарышқа қатысы жоқ адамның белгілі бір жағдаймен орбитаға тап болғаны баяндалады, деп жазады РБК.
Шартты түрде «Сын-қатер» деп аталған фильмнің режиссері Клим Шипенко ғарышқа өзі ұшқысы келетінін айтты.