Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Мектеп оқушыларына экомәдениет деңгейін көтеру ұсынылады

19.08.2020 • 17:01

Алдағы оқу жылында Қазақстан мектептерінде экологиялық мәдениет деңгейін көтеру жөніндегі жоба іске қосылады, деп хабарлайды Informburo.kz

Бұл қызғылт түсті Көбейтұз көліндегі соңғы оқиғалармен байланысты. Туристер көлдің тұзын қазып алып, коронавируспен күрестегі шипасы туралы жалған ақпараттан кейін сол тұзды сатқан еді. Ал Каспий теңізіндегі итбалыққа тас ату оқиғасы оқушыларға экологиялық тәрбие беріп, ата-аналардың осы саладағы білімін арттыру үшін күшейтілген жұмыс жүргізудің аса маңызды екенін көрсетеді. 

Бұл кезеңде ғылыми жобалар конкурсы мен эко-квиздер, шеберлік сыныптарын өткізу жоспарланған. Оған дайындық кезінде оқушылар ақпаратты тартымды формада меңгереді. Одан бөлек, министрлік БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп, экотәрбие  идеясын насихаттау үшін бірқатар бастаманы іске қосады. Жоспарда бейнероликтер, интерактивті онлайн сабақтар әзірлеу; эконауқандар мен көрмелер, ең үздік мектепті көгалдандыру байқауларын өткізу; күн панельдері мен тамшылатып суару әдісі бар жылыжайлар құру және осы саладағы педагогтарды қосымша оқыту қарастырылған. 

 “Экологиялық мәдениет біздің жалпы мәдениетіміздің ажырамас бөлшегіне айналуы тиіс. Біз балаларымыздың қоғам мен табиғаттың қалай әрекеттесетінін біліп, сол дағдыны ересек өмірде қолданғанын қалаймыз. Адамзаттың күн сайын қандай экологиялық із қалдыратынын білсе дейміз. Экологиялық білім бізді үнемді болуға үйретеді, біздің мәдениетімізде үнемдеу бағзы заманнан бері бар, қазақта "Судың да сұрауы бар” деген мақал бар”, - деп жазды ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.