Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

ҰБТ-дан «шет тілі» пәнін алып тастау туралы хабарлама фейк болып шықты

25.02.2021 • 07:41

Ұлттық тестілеу орталығы мен Ақпарат министрлігі ҰБТ-да география мен шет тілін таңдаупәндер тізімінен шығару туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Интернетте мектеп түлектері енді ҰБТ-да шет тілін тапсырмайды деген хабарлама тарады, өйткені бұлоларды елден кетуге итермелейді, деп хабарлайды Informburo.kz порталы Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Хабарлама авторлары оқу орындарында жақында Қазақстаннан қашу жолын «үйрететін» дене тәрбиесіпәні, студенттер қайда қашуды білмеуі үшін география және не үшін қашу керек екенін "түсіндіретін" тарих пәні жойылатынын айтады.

Ұлттық тестілеу орталығы қазақстандықтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

«Әрине, бұл әзіл еді, бірақ көпшілік мұны шын көріп қалды. Қазақстанда шет тілі пәнін ҰБТ-ның негізгіпәндері тізімінен шығару, бірқатар мектеп пәндерді жою жоспарланбайды. Әлеуметтік желілер менмессенджерлерде ҰБТ-да шет тілі мен басқа да пәндерді алып тастау туралы таралған ақпаратшындыққа жанаспайды. Ресми ақпарат көздерінен алынған хабарды пайдалануды сұраймыз», - делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарламасында.

Әзілдің өзі - ресейлік блогер Вера Афанасьева жазбасының көшірмесі. Осылайша, ол Бірыңғаймемлекеттік емтихандағы шет тілін жою туралы жаңалықтарға реакция білдірді, деп хабарлады АҚДМ.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.