Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Нейрондық желі жасаған фейкті желі қолданушылары шын жаңалық деп қабылдады

03.09.2020 • 15:58

Калифорния университеті колледжінің (АҚШ) студенті Лиам Порр блогта нейрондық желі жасаған жалған хабарламаны жариялады және оның жасандылығына ешкім күмән келтірмеген.

Жасанды зерде көмегімен жасалған мәтін Hacker News хакерлік басылымында тез-ақ танымал болды, деп хабарлайды MIT Technology. Студент OpenAI компаниясы әзірлеген GPT-3 нейрондық желісінің соңғы нұсқасын пайдаланып, тақырыбы мен кіріспесі бар шағын сценарий жазған. Бірнеше нұсқа жасалған соң, еш өңдеусіз біреуін таңдаған.

Арнайы өңдеусіз контент құру айласы GPT-3 басым және әлсіз жақтарын түсіну үшін қажет болды. «Әдемі жазу оның қолынан келеді, бірақ ақпараттың қисындылығы мен ұтымдылығында аса мықты емес», — дейді Порр. Сондықтан ол блогтың қатаң логиканы қажет етпейтін танымал санатын – өнімділік пен өзін-өзі жетілдіруді таңдаған. Студенттің айтуынша, ол жасанды зерденің автор-адамды оңай алмастыра алатынын дәлелдегісі келген. Ерекше жазу стилі мен кездейсоқ қателерге қарамастан, жазбаға пікір қалдырған ондаған комментатордың үш-төртеуі ғана мәтінді жасанды деп  күдік келтірген. Оның үстіне бұл пікірлерді қауымдастықтың басқа мүшелері бірден теріске шығарып отырған. 

Поррдың эксперименті көптеген кликбейт-контент жасау үшін аталған құралды қалай оңай қолдануға болатынын көрсетеді, бұл адамдарды алаңдатпай қоймайды. 

GPT-3 контексті – OpenAI ұсынған жасанды зерденің соңғы нұсқасы. Тіпті жасанды зерденің алдыңғы нұсқаларын да OpenAI компаниясы жариялау тым қауіпті деп атаған еді.

 

Дереккөз:

Сергей Ким (18.08.2020). Factcheck.kz. Алынған күні: 01.09.2020. URL: https://factcheck.kz/v-mire/student-sozdal-soobshhenie-s-pomoshhyu-nejroseti-i-obmanul-chitatelej/.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.