Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Spotify қазақстандық пайдаланушыларға ресми түрде қолжетімді болды

12.08.2020 • 16:12

Spotify музыкалық стримингтік сервисі қазақстандық пайдаланушылар үшін ресми түрде қолжетімді болды. Жеке жазылым құны - 50 миллионнан астам тректері бар сервисті пайдалану үшін ең төменгі баға - $4,99.

Қазақстандағы Spotify жұмысының басталуы оның Ресей нарығына шығуымен байланысты. Жалпы алғанда бұл қызмет енді 90-нан астам мемлекет үшін қолжетімді болады, деп хабарлайды Vlast.kz

ТАСС агенттігі жазған мәліметке сәйкес, Spotify жаңа нарықтарды дамыту жөніндегі вице-президенті Густав Гилленхаммердің айтуынша, сервисті жаңа елдерде іске қосу оны тағы 250 миллион адамға қолжетімді етуге мүмкіндік береді, ал қазір оны шамамен 286 миллион адам пайдаланады.

Spotify —ағындық аудио бойынша шведтік интернет сервисі. Ол 50 миллионнан астам музыкалық шығармаларды, аудиокітаптар мен подкасттарды құрылғыға жүктеместен заңды түрде тыңдауға мүмкіндік береді. Бұл сервис веб-сайт, барлық операциялық жүйелерге, смартфондарға, смарт-құрылғыларға және автокөліктердің медиажүйелеріне арналған қосымша түрінде қолжетімді.

Spotify сервисі оңай интерфейс пен бірінші кезеңде музыканы тегін тыңдау мүмкіндігі арқылы орасан танымалдыққа ие болды

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.