Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Қазақстанда дабыл түймесі бар бағаналар орнатылады

05.11.2020 • 08:14

Қазақстандықтар биылғы жыл соңынан бастап полицияны көшеде орнатылған құрылғы арқылы шақыра алады.

Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов Қазақстанда дабыл түймесі бар бағаналар орнатылатынын айтты. Олар саябақтар мен жүргіншілер аймағында орналасады деп хабарлайды The Steppe Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Дабыл түймесін басқаннан кейін сіздің орналасқан жеріңіз бен видеодағы түріңіз полиция пунктінде көрсетіледі. Министр осылайша адам интернет пен ұялы байланыссыз-ақ полициямен хабарласа алады.

Саябақтар мен жүргіншілер аймағына қоса, құрылғылар банктерде де орнатылады. Алматыда осындай бірнеше бағана орнатылды, бірақ олар басқару орталығына әлі қосылмаған.

Жыл соңына дейін астана мен Алматыда дабыл түймесі бар бағаналар орнатылуы керек.

Оған қоса, Ішкі істер министрлігі полицияға арыз беруге арналған қосымша мен баланың орналасқан жерін бақылайтын құрылғыны ұсынды. Мұндай құрылғыны баланың рюкзагына салуға немесе киіміне тігіп қоюға болады.

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.