Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Орталық Азияның жаңалықтар тізбегі: 11-18 тамыз 2020 жыл.

18.08.2020 • 04:12

Мигранттар

Коронавирус пандемиясына байланысты Өзбекстан-Қазақстан шекарасында қалған 200-ден астам Тәжікстан азаматы отанына оралды. Толық мақала арнайы сілтемеде

Тәжікстан СІМ хабарлауынша, COVID-19 таратпау үшін эпидемияға қарсы шараларды күшейту бойынша республикалық штаб 2020 жылдың 16-31 тамызы күндері Ресейден Тәжікстанға қосымша 55 чартерлік рейс жасау туралы шешім қабылдады.
Толығырақ мына жерде.


Білім

Тәжік талапкерлері 2020 жылдың күзінен бастап «Ресейде оқы!» онлайн білім беру қызметін қолдана алады және қашықтан ресейлік педагогтардың консультациясын ала алады. Платформаны кім және қалай пайдалану керектігі жөнінде арнайы сілтемеден оқи аласыз.

Тәжікстанның барлық ЖОО студенттері емтихансыз келесі курсқа ауыстырылды. Бұл туралы елдегі БҒМ өкілдері хабарлады. Бірақ, мұнда аздаған өзгешелік бар. Толығырақ мақаладан оқуға болады. 

Жаңа оқу жылынан бастап Өзбекстанның 1200 мектебінде қағаз күнделіктер мен журналдар күшін жояды. Бұл туралы Халықтық білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Басқа мектептер бойынша ақпарат мына жерде

Өзбекстандағы талапкерлер саусақ іздері бойынша сәйкестендіріледі. Қалай және қашан екенін сілтемеден білуге болады.

Қырғызстанда бірінші сынып оқушылары дәстүрлі режимде, қалғандары – онлайн білім алады. Бұл туралы К.Боронов хабарлады. Толығырақ мына жерден оқыңыз.

Қазақстанда мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі жарияланды. 2020 жылы ҰБТ тапсырғысы келгендер саны рекордтық көрсеткішке жетті – 131 754 талапкер.  Жалпы талапкерлер санының 82% – биылғы түлектер. Толығырақ осында.


Әдебиет пен өнер  

Душанбеде ауруханада тәжік ақыны, Тәжікстан әнұранының сөзін жазған Гүлназар Келди 75 жасында қайтыс болды. Мақалаға сілтеме осында

Өзбекстанда коронавирус туралы деректі фильм түсіріліп жатыр. Фильм түсірілімі Хорезм, Бұхара, Самарқанд, Сырдария, Әндіжан облыстарында және Ташкент қаласында өтуде. Фильмде дәрігерлер, ІІМ мен Ұлттық гвардия қызметкерлері және науқастар мен мұқтаждарға қол ұшын созуға дайын еріктілер туралы айтылады. Толығырақ сілтемеде.

Қырғызстан кітапханаларында бірінші жартыжылдықта виртуалды оқырмандар саны 2 миллион 200 мың адамға жетті. Виртуалды кітапты кім және қалай оқығанын сілтеме арқылы білуге болады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбаев мұрасын насихаттауға үлес қосқаны үшін 11 шетелдік азаматты марапаттады. Марапат алғандар қатарында ҚХР, Иран, Армения, Ресей, Бразилия, Испания, Ирландия, Мысыр, Түркия, Германия азаматтары бар. Мақалаға сілтеме.

Пандемия

2020 жылдың алғашқы үш айында коронавирус туралы жалған ақпарат ең кемі 800 адамды «өлтірді». Сонымен бірге, 6 мыңға жуық адам ауруханаға түсті, тағы 60-ы – көру қабілетінен айырылды. Бұл туралы American Journal of Tropical Medicine and Hygiene ғылыми басылымында жарияланған зерттеуде айтылған.
Зерттеуге сілтеме.
Мақалаға сілтеме.


Жастар

Самарқанд веб-форумын өткізу аясында «Жастар 2020: жаһандық ынтымақтастық, тұрақты даму және адам құқықтары» қарары қабылданды. Құжатта мемлекеттерді жастардың қоғам өміріне толық, тиімді және маңызды қатысуын қамтамасыз етудегі нақты мүмкіндіктерін бағалауға көмектесетін стратегияларды әзірлеуге шақыратын үндеу бар.

Бұл құжат жастардың бейбітшілік пен қауіпсіздікті, тұрақты дамуды, адам құқықтарын ілгерілетудегі рөлінің маңызды екенін және олардың шешім қабылдау процесіне белсенді, мазмұнды және инклюзивті қатысуы қажеттігін атап көрсетеді.
Толығырақ арнайы сілтемеде

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.