Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Орталық Азияның жаңалықтар тізбегі: 19-25 тамыз 2020 жыл.

25.08.2020 • 14:59

Саясат

Қырғызстан шекара мәселесі бойынша Өзбекстан және Тәжікстан тараптарымен вице-премьер-министрлер деңгейінде келіссөздер жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Қырғызстан вице-премьері Акрам Мадумаров мәлімдеді. Оның айтуынша, шекарада оқыс оқиғаларды болдырмау үшін жергілікті билік қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Толығырақ арнайы сілтемеден оқи аласыз.

Өзбекстанда заңнамалық актілерді талқылау порталында Ішкі істер министрлігі әзірлеген Митингтер, жиындар мен демонстрациялар туралы заң жобасы жарияланды, деп жазды asiaplustj. Өзбекстан Қазақстанның заң жобасын қайталай ма немесе олардың ортақ тұстары қандай, мына жерден оқып көріңіз.

 

Білім

Тәжікстан ЖОО-ларына 75 мыңнан астам талапкер қабылданды. Тәжікстанның ұлттық тестілеу орталығы ел ЖОО-ларындағы орталықтандырылған емтихандардың алдын ала қорытындысын жасады. Екі кезеңдік бөлу қорытындысы бойынша 75 мың 482 талапкер ел ЖОО-ларында оқу құқығын иеленді. Толығырақ.

Қырғызстанда бірінші сынып оқушылары маска тағып, оны екі сағат сайын ауыстырып отыруы тиіс. Оқушыларды қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету міндеті олардың ата-аналарына жүктелді, деп хабарлайды 24.kg. Масканың қай түрін тағу қажеттігі туралы материалды сілтемеден оқыңыз.

Қырғызстандағы «БАҚ-ты қолдау орталығы» қоры Қырғызстан Білім және ғылым министрлігімен серіктестікте және «Сорос- Қырғызстан» қорының қолдауымен мектеп мұғалімдері арасында медиасауат пен қашықтан оқыту бойынша қарқынды онлайн курсқа қатысу үшін байқау жариялады. Оған кімдер қатыса алатынын сілтемеден бәлуге болады.

Қазақстанның БҒМ басшысы Республикалық білім және ғылым саласының педагогтары мен қызметкерлерінің тамыз кеңесінің пленарлық отырысында жаңа оқу жылында енгізуді жоспарлап отырған жаңалықтарды баяндады. Мектепке дейінгі білім жөнінде министр балаларды мектепке дайындаудың мазмұны мен әдістерін толығымен қайта қарау жоспарланғанын атап өтті. Оның айтуынша, ерте жастан тілдерді үйрену тәсілі өзгертіледі, бағдарламалардың мазмұны балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жаңартылады. Ата-ананың өзі мемлекеттік тапсырыс бойынша бара алатын балабақшаны таңдай алады. Толығырақ.

 

Әлеумет

Тәжікстанның Тұрсынзада қаласының прокуратурасы төрт жасар қыздың зорлануы туралы істі тергеп жатыр. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті шаралар жүруде, әзірге ешкім ұсталған жоқ. Тергеу қыздың анасының өтінішінен кейін басталды, ол бұрынғы күйеуінің ағасы қылмыс жасады деп күдіктеніп отыр. Атышулы істің егжей-тегжейін мұнда оқуға болады.

Өзбекстанда 1 қыркүйектен бастап дәретханасы жоқ жанармай құю бекеттері мұнай өнімдері мен газ алуды тоқтатып, уақытша лицензиясынан да айырылуы мүмкін. Не себепті мұндай қатаң шаралар қабылданатынын мына сілтемеден оқи аласыз.

Қазақстандағы Алматы қаласының барлық аудандарында жұмысқа орналастыру бойынша жастар ресурстық орталықтарының жылжымалы бекеттері жұмыс істей бастады. Жұмысқа тұрғысы келетіндерге түрлі бағыттағы бос жұмыс орындары ұсынылады. Әрбір ізденуші сауалнама-түйіндемелерді толтыра алады, олар Алматы қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдеріне беріледі және «Срочно требуется» газетінің сайтына жарияланады. Жастарды жұмысқа орналастырудың жаңа әдісі туралы төмендегі сілтемеден оқуға болады.

 

IT

Әлемдегі үздік технологиялық компаниялардың бірі – Microsoft денсаулық сақтау секторына жасанды зердені енгізу үшін өзінің «AI for Health» жаһандық зерттеу бағдарламасының жеңімпаздарының бірі ретінде TajRupt.AI – Тәжікстанның коммерциялық емес ұйымын таңдады. TajRupt.AI-дың конкурста қалай және қашан жеңіске жеткенін мына жерден оқуға болады.

Қырғызстанда 100 доллардан аз қаражатқа сенімді дипфейк жасауға болады. Дипфейктер қолжетімді, арзан және сенімді болып келе жатыр. Желіде ұсынылған кез келген адамның жалған бейнесін жасаудың мысалы ретінде FireEye сарапшылары Том Хэнкстің жалған фотосуреттері мен аудиожазбаларын жасап көрді. Бұл үшін қазірдің өзінде барлық құралдар қолжетімді, олар терең білім мен ауқымды шығынды қажет етпейді. Дипфейктер туралы толығырақ оқу үшін.

Өзбекстандағы iOS мобильді операциялық жүйесінің пайдаланушылары VPN қосымшаларын белсенді түрде орнатып жатыр, бұл туралы жергілікті БАҚ App Annie талдау қызметінің деректеріне сүйеніп хабарлады. БАҚ мәліметіне сүйенсек, 17 тамызда ең көп жүктелген бес қосымшаның төртеуі – бұғатталған сайттарға кіру үшін қолданылатын VPN бағдарламалары. Мұндай жағдай соңғы үш жылда алғаш рет байқалып отыр. Мақалаға сілтеме.

 

Түрікменстан

Түрікменстан билігі бюджеттік қызметкерлерді жергілікті теледидарды сатып алуға мәжбүр етуде, оның құны еңбекақыдан ұсталады, деп жазады Азаттық радиосының Түрікменстандағы қызметі.

«Фарапта бюджет қызметкерлеріне жергілікті смарт-теледидарларды сатып алу жөнінде нұсқау келді. 32 дюймдік «Толкун» теледидарының әрқайсысы 2400 манат (686 доллар) тұрады», – деп хабарлады басылымның Лебап облысындағы тілшісі. Толығырақ.

Түрікменстан билігі бұғатталған қызметтерді қолжетімді етуге көмектескені үшін қудалауды күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Азаттық радиосы. Ашгабат базарындағы 30-ға жуық адам клиенттердің телефонына VPN қызметтерін орнатқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Толығырақ.

Түрікменстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге байланысты ұсыныстарды әзірлеу және жинақтау жөніндегі конституциялық комиссия Негізгі заңға өзгерістер енгізу жобасын аяқтады. Бұл туралы Түрікменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазды Ферғана ақпарат агенттігі. Елдің Басты құжатында не өзгеретіні туралы сілтемеден оқуға болады.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.