Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Орталық Азияның жаңалықтар тізбегі: 25-31 тамыз 2020 ж.

01.09.2020 • 05:16

Әлеумет

Тәжікстан. Душанбе тұрғыны қарт анасын балағаттағаны үшін қамауға алынды. Толығырақ.

Түрікменстан. Лебап уәлаяты Фарап ауданының тұрғындары президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың суретін мемлекеттік дүкендерде сатылатын азық-түлікпен бірге сатып алуға мәжбүр. Мұндай саудаға кім және неге итермелеп отыр.

Білім

Қазақстан. ҰБТ жүргізілген аудиториялардағы бақылау камераларының бейнежазбалары тексеріліп, 158 талапкердің тест нәтижесі жойылды. Сонымен бірге аудитория кезекшісінің сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жапқаны анықталды. Толығырақ.

Түрікменстан. Түрікменстан билігі ел аумағында бірде-бір коронавирус жағдайы тіркелген жоқ деуден танар емес. Бұл уақытта елдің шығысында Ашхабадтағы университеттерге түскен студенттер COVID-19 тестін тапсырып, карантинге оқшауланып жатыр. Жаңа оқу жылы қарсаңында Ашхабадта мектеп оқушыларынан денсаулық жағдайы туралы анықтама әкелу талап етілген. Сонымен бірге велаяттар арасында көлік қозғалысы шектеліп, түрікмен астанасына жеткісі келген тұрғындар айналма және заңсыз жолдармен барып жатыр. Толығырақ.

Түрікменстан. Түрікменстан мектептерінде оқу сағаттары қысқарып, зейнет жасындағы мұғалімдерді жұмыстан шығарып жатыр. Биліктің мұндай қадамға неге барғанын арнайы сілтемеден біле аласыз.

Кырғызстан. Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен ҚР Экономикалық емес оқу орындарының студенттері жаңа оқу жылынан бастап, салық заңнамасы мәселелері бойынша білім алады. Бұл туралы Мемлекеттік салық қызметінің баспасөз қызметі хабарлады. Ондағы дерекке сәйкес, студенттер оқыту форматын өздері таңдайды: онлайн немесе оқу орындарында заманауи құралдар мен технологияларды, оның ішінде компьютер, смартфон, ноутбук немесе басқа гаджеттерді қолданып, офлайн оқи алады. Толығырақ.

Өзбекстан. Өзбекстанда ата-аналардың 76 проценті мектептердің ашылуына дауыс берді. Халықтық білім министрлігі ата-аналар арасында жаңа оқу жылында мектептерді ашу қажет пе әлде оқушылар онлайн режимде оқуы керек пе деген сауалнаманы қорытындылады, деп хабарлады Podrobno.uz тілшісі. Сауалнамаға 1-11 сынып оқушыларының 5,5 миллион ата-анасы қатысқан. Бұл – балалары мектепке баратын ата-аналардың 89 проценті. Сауалнама туралы толығырақ.

Коронавирус

Қазақстан. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны ресми түрде клиникалық сынаққа жіберді. Вакцинаны ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының мамандары әзірлеген. Мақалаға сілтеме.

IT

Түрікменстан. Түрікменстан билігі бұғатталған сайттарды ашу мен ақпарат алу үшін VPN қызметін пайдаланатын және ұсынатын ұялы телефон пайдаланушыларын қудалауды күшейтті. Бұл шетелде тұратын түрікмен үкіметіне қарсы түрікмендердің наразылығы мен президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың отставкасына шақыруы жағдайында болған. Толығырақ.

Мәдениет

Өзбекстан. «Өзбеккино» ұлттық агенттігі 29 тамызда CinemaDays-2020 аясында Өзбекстанның Жастар ісі жөніндегі агенттігімен және «MY5» телеарнасымен бірлесіп «Жас кинематографистер фестивалін» өткізді. Фестивальде Өзбекстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Бехзод Мұсаев, Өзбекстан Республикасы Жастар ісі жөніндегі агенттігінің директоры Әлішер Садуллаев және «Өзбеккино» Ұлттық агенттігінің директоры Фирдавс Абдухаликов сөз сөйлеп, жас кинематографистерді кәсіби табысымен құттықтады. Шараға журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Толығырақ.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.