Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Орталық Азияның жаңалықтар тізбегі: 4-11 тамыз 2020 жыл

12.08.2020 • 05:52

IT 
Тәжік билігі баяу интернеттің басты себебі – Тәжікстанның географиялық орналасуы деп есептейді. Алайда тәуелсіз сарапшылар бұл тұжырыммен келіспейді. Толығырақ 
«Радио Озоди» сайтында жазылған.

Тоқаевтың фейк Facebook-аккаунты ақшалай жүлде таратуға уәде берген. Белгісіз адамдар ел Президентінің атынан «коронавирус пандемиясы кезінде халыққа қолдау көрсету үшін» деп ақшалай қаражат ұтысын өткізген. Ол үшін пайдаланушылар өз есімінің бастапқы әрпін жіберіп, хабарламаны бөлісуі қажет болған. Бұған дейін де лауазымды тұлғалардың атынан фейк аккаунт ашу жағдайлары тіркелген. 


Экология

Тәжік билігі қытай технологияларының экологияға залал келтіріп жатқанын мойындайды, бірақ, олардың пікірінше, «дабыл қағатын қызыл сызыққа дейін әлі ерте». Егжей-тегжейін арнайы сілтеме арқылы оқуға болады.  

Қызылқұмның құмдары Ташкентке жетті. Бұл құм Өзбекстан астанасын жаулай ала ма және тұрғындар мен экономикаға қандай қаупі бар, мұнда оқыңыздар. 


Пандемия / COVID-19

Тәжікстан президенті Э. Рахмон маска режимін бұзғандар мен пандемия туралы жалған ақпарат бергендерге айыппұл салуды қолдады. Бұдан былай елдегі қоғамдық орындарда маска тақпағандарға 116 сомони мен 290 сомони (11,24 - 28,11 АҚШ доллары) аралығында айыппұл салына бастайды. Ал БАҚ арқылы пандемия туралы жалған ақпарат тарату үшін жеке тұлғаларға 580 сомонидан (56,22 АҚШ доллары) және заңды тұлғаларға – 11 мың 600 сомониға дейін (1124,42 АҚШ доллары) айыппұл қарастырылған. Толығырақ арнайы сілтемеде. 

Қырғызстанның Delo№ газеті америкалықтардың эвакуациясынан кейін елде коронавирус эпидемиясы ушықты деп есептейді. Газет деректеріне сәйкес, Бішкектегі АҚШ елшілігі сақтық үшін өз қызметкерлерін жаппай эвакуациялауды жүргізді. Республикадан 31 америкалық дипломат шыққан. Олардың арасында – дипломатиялық тасада елшілік резидентурасында жұмыс істеген Орталық барлау басқармасының 6 қызметкері бар. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

 Қазақстанда коронавирусқа қарсы алғашқы вакцина егілді. Екпе алған алғашқы қазақстандық ҚазҰАУ Халықаралық вакцинология орталығының директоры Қайсар Табынов болды. Оған COVAX-19 препараты салынды. Вакцина Аустралияда әзірленген және қазір клиникалық сынақтардың бірінші сатысынан өтіп жатыр. 


Білім 

Қырғызстанның Білім министрлігі жаңа оқу жылындағы оқытудың үш сценарийін әзірледі. Бірінші сценарий оқу процесін қашықтан ұйымдастыру бойынша барлық алгоритмдерді, қадамдар мен ұсынымдарды қарастырады. Екіншісі – күндізгі- қашықтан оқыту сценарийі, ол оффлайн режиммен қатар қашықтан оқыту технологияларын да бірге қолдануды білдіреді. Бұл нұсқа жағдай анағұрлым қолайлы болса да, білім беру процесін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін фактілер болған жағдайда қолданылады. Үшінші сценарий – оқу процесін дәстүрлі форматта ұйымдастыру. Коронавирустың жаңа таралуының алдын алу аясында дәстүрлі оқытуда оқу мекемелеріне санитарлық талаптарды атқару үшін алгоритмдер мен ұсынымдар беріледі.

Қазақстанда ҚР БҒМ мәліметіне сәйкес «жаңа оқу жылында 2,6 млн оқушы қашықтан білім алады». Бұған дейін Қазақстанда қырғызстандық сценарий туралы бастама болды, бірақ әрі нақты шешім қабылданбады. Толығырақ арнайы сілтемеден оқуға болады. 

Өзбекстанда оқу жылын қашықтан бастау жоспарланып отыр. Көршілес елдер секілді Өзбекстанның Білім министрлігі де оқытудың үш нұсқасын ұсынып отыр

Тәжікстанда жаңа оқу жылын 17 тамызда бастау жоспарланған. Онда барлық санитарлық нормалар мен әлеуметтік қашықтықты сақталады. Тәжік оқушыларының қалай оқитыны арнайы сілтемеде

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.