Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Орталық Азияның жаңалықтар тізбегі: 8-14 қыркүйек 2020 ж.

15.09.2020 • 07:15

Білім

Тәжікстанда халық сауатының деңгейі соңғы жылдары айтарлықтай азайған, деп есептейді жергілікті сарапшылар. Өз кезегінде билік елдің тұтас сауатты екенін айтуда. Толығырақ.

Әлеумет

Тәжікстанда халық пен тұрғын үй қоры санағында биыл үш әдіс қолданылады – интернет-сауалнама, планшетті көмегімен сауалнама және дәстүрлі (қағаз) әдісі, деп хабарлайды республика президенті жанындағы статистика агенттігі. Толығырақ.

Өзбекстанда жақын арада Nike пен Adidas кроссовкалары шығарыла бастайды, деп мәлімдеді «Узчармсаноат» қауымдастығының төрағасы Фахриддин Бобоев сұхбат барысында. Толығырақ.

Қырғызстандықтар үйден шықпай-ақ жұмыссыздық бойынша есепке тұра алады. Еңбек Министрлігі әзірлеген порталда ұйымдар ұсынған бос жұмыс орындарының тізімін табуға болады және жұмыс іздеу үшін электрондық өтінім беруге болады. Толығырақ.

Қазақстан үкіметі шетелдіктердің елде болу мерзімін 2020 жылдың 1 қарашасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұл халықаралық әуе рейстерінің тоқтатылуы мен олардың елден шыға алмауына байланысты болды. Толығырақ.

Медиа

Өзбекстанда жала жабу үшін қылмыстық жазаны алып тастап, мемлекеттік органдар үшін фактілерді бұрмалау және журналистерге қысым көрсету үшін жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр. Толығырақ.

Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов Үкіметтегі ауыс-түйіс болатынын ескертті. Бердімұхамедов Министрлер Кабинетінің мүшелерін мемлекеттік БАҚ-та «елдің жетістіктері» мен «экономикалық мәселелерді шешілгенін» жариялай алмағаны үшін сынға алды. Толығырақ.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.