Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Орталық Азияның жаңалықтар тізбегі: 1 - 7 қыркүйек 2020 ж.

08.09.2020 • 05:24

Әлеумет

Түрікменстанда маска режимін бұзғандарды мақта теруге жіберіп жатыр. Марый уәлаятында маска режимін бұзғаны үшін ұсталып, айыппұл төлей алмағандарды полиция мәжбүрлі түрде мақта теруге жіберіп жатыр. Толығырақ.

«Баламды жақсы адамдарға беремін!». Қазақстанның Шымкент қаласында белгісіз адамдар айрықша хабарландыру ілген. Онда «Агатка» есімді қыз баланың ит тәрізді жақсы адамдарға берілетіні жазылған. Мақалаға сілтеме.

Білім

Қырғызстанда зағип және нашар көретін балалар үшін Брайль қарпіндегі оқулықтар шығарылды. Мұндай типтегі оқулықтар үнемі тапшы және бірнеше жылдан бері олар Орталық Азияның басқа елдерінде шығарылған жоқ. Толығырақ.

Қазақстандағы онлайн оқытуға тағы бір топ шағым түсті. Бұл жолы видеосабақтар кезіндегі бейәдеп сәттер жөнінде айтылып отыр. Алғашқы сабақтарда-ақ қандай оқиға болғанын сілтеме арқылы оқып-біле аласыз.

Өзбекстанның Жоғары және орта арнайы білім министрлігі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, оқу жылының екінші семестрінде жоғары оқу орындарында дәстүрлі оқыту формасын жаңғыртуды жоспарлап отыр. Сілтеме.

Өзбекстанда білім сапасын қадағалау бойынша мемлекеттік инспекция жоғары білім саласындағы қашықтан оқытуды бағалау мен мониторинг жасау үшін @edumonitoring_bot Телеграм-ботын іске қосты. Бот қалай жұмыс істейтінін сілтемеден білуге болады.

Түрікмен оқушылары жаңа оқу жылын қызылша алқаптарында бастады. Түрікменстанның оңтүстігінде мектеп жасындағы балалардың егін жинап жатқанын көруге болады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, балалар қызылшаны оқудан тыс уақытта, елдегі ұзаққа созылған экономикалық дағдарыста мұқтаж отбасыларға материалдық көмек ретінде жинайды. Бірақ… Толығырақ.

Экология

Тәжікстанда «Ғылым және табиғат» телеарнасын ашу жоспарланып отыр. Эмомали Рахмон 28 тамызда жаңа телеарнаның жарғысы мен құрылымын және қызметкерлердің шекті штатын бекіту туралы қаулыға қол қойды. Онда 87 штаттық бірлік, оның ішінде техникалық қызмет көрсетушілер құрамы болуы тиіс. Толығырақ.

Қазақстанда алдағы бес жылда 2 млрд ағаш отырғызу жоспарланған. Планетаны кім және қалай сақтап қалғысы келетінін сілтеме арқылы оқи аласыз.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.