Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

TikTok ата-ана бақылауы функциясын кеңейтті

19.11.2020 • 18:10

Енді ата-аналар баласының ұнамсыз контентке қол жеткізуін шектей алады

TikTok ата-ана бақылауы фнкциясын кеңейтті. Бұл ата-аналарға баласына көрінетін контентті сүзгіден өткізуге және баласының тіркеу жазбасының құпиялығын реттеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды The Verge  сайтына сілтеме жасаған The Steppe.

Жаңартудың көпшілігі құпиялыққа қатысты. Енді ата-аналар баланың видеосын қарайтын және оған пікір білдіретін, балаларының қандай роликті ұнатқанын көретін қолданушылар санын шектей алады. Бұл баланың тіркеу жазбасын достарына ғана көрсетуге болатынын білдіреді. Сонымен қатар, жасөспірімдер үшін жеке хабарлама жіберу функциясын өшіру немесе шектеу мүмкіндігі бар.

Әзірлеушілер бала іздейтін және көретін контентті реттеу мүмкіндігін қосқан. Ата-аналар белгілі бір видеоларды, қолданушыларды, хэштегтерді және дыбыстарды іздеуге тыйым сала алады.

TikTok-та енді жасқа сай келмейтін роликтерді жасыратын және қосымшаны пайдалану лимитін белгілейтін «шектеулі режим» бар.

Family Pairing функциясы ата-анаға баланың тіркеу жазбасына қосылуға және шектеулер енгізуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, TikTok баланың кез келген уақытта ажыратылуына мүмкіндік береді, мұндай жағдайда бұл туралы хабарлама ата-анаға бірден келеді.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.