Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Сенатына сайланған депутаттарды тіркеді

28.08.2020 • 13:23

ОСК 2020 жылы 12 тамыздағы сайлауда сайланған ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын тіркеді. Оларға куәліктер мен төсбелгілер табысталды. 

Informburo.kz хабарлағандай, дауыс беру қорытындысы бойынша төмендегі үміткерлер Сенат депутаты болып сайланды:

  • Нұр-Сұлтаннан – Ақылбек Күрішбаев;
  • Алматыдан – Сұлтанбек Мәкежанов;
  • Шымкенттен – Айгүл Қапбарова;
  • Маңғыстау облысынан – Сүйіндік Алдашев;
  • Ақтөбе облысынан – Бауыржан Қаниев;
  • Жамбыл облысынан – Бекболат Орынбеков;
  • Қызылорда облысынан – Ақмарал Әлназарова;
  • СҚО-дан – Ольга Перепечина;
  • Атырау облысынан – Сағындық Лұқпанов;
  • Қостанай облысынан – Сергей Карплюк;
  • Ақмола облысынан – Нұрлан Бекенов;
  • БҚО-дан – Ләззат Рысбекова;
  • Павлодар облысынан – Алтынбек Нұқұлы;
  • Түркістан облысынан – Әли Бектаев;
  • ШҚО-дан – Ольга Булавкина;
  • Алматы облысынан – Сұлтан Дүйсембинов;
  • Қарағанды облысынан – Сергей Ершов.

Сайлау бюллетендеріне 46 кандидат енгізілді. Олар Сенаттағы 17 орынға үміткер болды. Сайлауды 185 адам бақылады, оның ішінде 180 ұлттық бақылаушы, бес халықаралық бақылаушы бар.

ҚР Сенатына сайлаудың әдетте қалай өтетінін еске салайық:

Сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру әдісімен жүргізіледі. Сайлауда жаңа депутаттарды мәслихат депутаттары таңдайды.

Парламенттің жоғарғы палатасында жалпы 47 депутат бар. Оның ішінде 32 депутат – 14 облыс пен республикалық маңызы бар үш қала – Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент өкілдері (әр облыстан немесе қаладан екі адамнан сайланады).  Сенаттың 15 депутатын қоғамның ұлттық-мәдени және басқа да маңызды мүдделерін Сенатта көтеруді қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, Президент тағайындайды.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жылды құрайды. Әр үш жыл сайын сенаторлардың жартысы. Палатаны төраға басқарады, оны Палата депутаттары мемлекеттік тілді еркін меңгерген депутаттар арасынан жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Сенат Төрағасы лауазымына кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.