Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Twitter Birdwatch фейкке қарсы функцияны іске қосты

28.01.2021 • 18:11

Twitter Birdwatch деп аталатын жаңа бағдарламаны іске қосты, мұнда платформа қолданушылары жалған ақпаратпен күресуге көмектеседі.

Бұл кезеңде бағдарламаға АҚШ қолданушыларының шектеулі саны қатысады, олар жарияланған хабарламалардың шынайылығы туралы пікірін контекст комментариінде білдіре алады. Бұл туралы компанияға және 3Dnews-ке сілтеме жасап Factcheck.kz хабарлайды.

Birdwatch бағдарламасының іске қосылғаны туралы әлеуметтік желінің қолдау қызметі аккаунтында жарияланды.

«Бүгін біз жалған ақпаратпен қоғам болып күресуге арналған Birdwatch бағдарламасын ұсынамыз. Бізге сіздің көмегіңіз керек. Біз оны АҚШ-та сынақтан өткізуге адамдарды іздейміз. Сенімді емес ақпараты бар деп ойлайтын твиттерге пайдалы контекст жазбаларды қоса аласыз», - деп жазылған Twitter-де.

Әзірлеушілер пайдаланушылар пікірі тікелей Twitter-де жарияланбайтынын, оларды Birdwatch парақшасынан қарауға болатынын айтып өтті.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.