Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Қазақстанда ағаштарды заңсыз кескен адамға жазаны күшейту ұсынылды

24.12.2020 • 15:42

Экологиялық кодекске енгізілген түзетулер аясында ағаштарды кесу жауапкершілігін күшейту өзгерісін енгізу жоспарланып жатыр.

Депутат Сергей Ершовтың Сенат отырысында айтқаны бойынша, келтірілген зиянға лайық жауапкершілікті күшейту туралы ұсыныстар жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өкінішке қарай, қабылданған шараларға қарамастан, қоршаған ортаны қорғау және биоәртүрлілікті сақтау саласындағы бұзушылық фактілері әлі де бар. Мысалы, Алматыдағы Sulpak  дүкені жанындағы ағаштарды кесу жеткіліксіз адекватты жауапкершілік тұрғысынан осы жағдайға лайық ашу тудырады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәселені бірнеше өлшемде қарастыруды ұсынды: біріншіден, қалаға ағаш отырғызу туралы сөз болғанда, Индустрия және инфрақұрылымдыұ даму министрінің ағашты өтем ретінде отырғызуға қатысты бұйрығына өзгеріс енгізіліп жатыр, екіншіден, ағаштарды заңсыз кесумен байланысты келтірілген зиянды реттейтін Үкімет қаулысы бар.

«2 апта бұрын ғана Үкімет отырысында қаулыға тиіс түзетулер енгізілді, зиян келтіруге қатысты заңнама қатаңдатылды», – деді М.Мырзағалиев.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.