Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Қазақстанда бесінші Еуропалық онлайн-кинофестиваль өтіп жатыр

12.11.2020 • 05:09

Көрермендер халықаралық кинофестивальдердің жүлделі 18 фильмін көре алады және белгілі еуропалық және қазақстандық режиссерлармен шеберлік сыныбы мен пікірталасқа қатыса алады.

The Steppe хабарлауынша, фестиваль 29 қарашаға дейін созылады. Фестиваль кезінде фильм көрсетілімдерімен қоса пікірталастар, шеберлік сыныптары және еуропалық және қазақстандық режиссерлармен кездесулер өтеді. Фестивальдің басты мақсаты - Қазақстан көрерменін Еуропа фильмдерімен таныстыру және елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту.

Еуропалық онлайн-кинофестивальге ЕО-ның Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлссон, Қазақстандағы Италия елшілігі атташесі Эмилио Сесса, режиссерлар Карло Д'Урси, Рейн Ранну, Еуропалық киноакадемия мүшесі Әділхан Ержанов және киносыншы Гүлнара Әбікеева қатысады. Кинофестивальді Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырып отыр.

Көрсетілетін картиналарды Эстония астанасындағы Гете институты мен Француз институтының қолдауымен Cineuropa еуропалық кино порталы таңдады.

Фильмдерді көру және өзге де әрекеттер үшін мына жерге тіркелу керек.

 

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.