Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Қазақстанда жоғалған баланы телефондағы қосымша арқылы іздеуге болады

25.01.2021 • 18:15

«Мені ізде» қосымшасы ата-аналарға баласын Bluetooth арқылы табуға көмектеседі және полицияға баланың жоғалғаны туралы автоматты түрде хабарландыру жібереді.

Ата-аналарға төтенше жағдайда баласы жүрген жерін бақылауға мүмкіндік беретін пилот қосымша туралы Zakon порталына сілтеме жасап The Steppe хабарлайды.

Жоба бойынша балаға киімге немесе мектеп рюкзагына бекітілетін трекер жасау және ата-аналарға арналған мобайл қосымшаны іске қосу жоспарланып жатыр. Трекер мен қосымша Bluetooth арқылы байланысады.

«Баламен байланыс үзілген жағдайда, ата-ана қосымшадағы трекер маяк іздеу режимін қосады. Сонымен қатар, бұл жүйе Жедел басқару орталығымен біріктіріледі, демек баланы іздеу туралы сигнал автоматты түрде полицияға түседі», - дейді Ішкі істер министрлігі өкілі Нұрділдә Ораз.

Балалардың қауіпсіздігіне арналған жобамен қоса, брифингіде полицияға шұғыл қоңырау шалуға арналған «SOS батырмасы» туралы айтылды, бұл қоғамдық орындарда орнатылады. Оған қоса, 102 мобайл қосымшасын жасау жоспарланып жатыр, онда да бұзушылық туралы хабарлауға болады.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.