Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Қазақстан азаматтары өзі туралы ақпаратты интернеттен өшіре алады

05.11.2020 • 05:36

Қазақстандықтар жеке дерегін пайдалануға келісімін қайтарып алуға және олар басқа мақсатта қолданылса, бақылауға мүмкіндік алады.

Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында көп ұзамай Қазақстандағы әрбір адам өзі туралы ақпаратты интернеттен алып тастауға мүмкіндік алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Informburo.kz.

Министрлік адамдарға жеке деректі мақсатына сай пайдаланғаннан кейін оларды пайдалануға келісімін қайтарып алуға мүмкіндік бергісі келеді: «Адам, мысалы, 10 жыл бұрын қандай да бір қағазға қол қойса, бұл оның жеке дерегі өмір бойы өңделуге құқылы дегенді білдірмейді. Адам бұл келісімді қайтарып ала алады».

Оған қоса, министрлік жеке деректі үшінші тұлғалардың қолдануы туралы ескертпе жіберетін қызметті іске қосу бойынша жұмыс істеп жатыр. Мысалы, 2010 жылы Халыққа қызмет көрсету орталығында операторлар мәліметтер базасына кіріп, адамдар туралы белгілі бір ақпаратты көре алады деген алаңдаушылық болды. Бағдат Мусин қазір анықтама алу туралы әр өтініш Электронды үкіметтің жеке кабинетінде көрсетілетінін айтты. Дәл осындай ереже басқа мемлекеттік органдарда да жүретін болады.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.