Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Үкімет латын қарпіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын мақұлдады

11.02.2021 • 09:35

Жаңа нұсқада лингвистер кейбір әріпті ауыстырып, алып тастады.

28 қаңтарда үкімет латынша қазақ әліпбиін ұсынды. Ол 31 таңбадан тұрады және онда қазақ тілінің 28дыбысы бар. Бұл нұсқа еріктілерде сыналды - 6 ай бойы 25 бен 65 жас аралығындағы адамдар жаңабелгілерді пайдаланып жазып, оқыды, деп хабарлайды Informburo.kz.

Жаңа әліпбиді Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты мен Жұмабай Шаяхметов атындағы«Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ғалымдары құрастырды. Әліпби 31 әріптентұрады. Қазіргі уақытта біз 42 таңбаны қолданып жүрміз.

Әліпбиде төрт диакритика белгісі қолданылады: умлаут, бревис, седил және макрон.

Умлаут – дауысты дыбыстың үстінде тұрған екі нүкте, әлемдік тәжірибеде басқа тілдерде дыбыстыңжұмсақтығын білдіреді. Салыстыруға арналған мысал:

  • А=А;
  • Ä=Ә;
  • О=О;
  • Ö=Ө;
  • U=У;
  • Ü=Ү.

Макрон – бұл тек дауысты дыбысқа арналған, әріптің үстіндегі сызық. Оныі біреуі – «Ұ». Макрондыбыс қаттылығын білдіреді. Жаңа әліпбиде Y = U әрпі, ал қатаң Ұ = Ū. Бұл қисынды, өйткені екі белгініңде бұған дейін де, қазір де белгілері бар. Қазір ол әріптің төменгі жағында, енді жоғарғы жағындаболады.

Седиль – бұл әріптің астындағы үтір, тек «Ш» әрпі үшін қолданылады. Жаңа әліпбиде С=S және Ш=Ş. Бұл белгі түрік әліпбиінен алынған және әзербайжан тілінде, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдеріндеқолданылады. Бір сөзбен айтқанда, ол танымал.

Бревис – әріптің үстіндегі қанат белгісі, қазақтың «ғ» әрпін белгілеу үшін қолданылады. Г=G, Ғ=Ğ, ğ

«Ң» әрпіне жаңа белгі енгізілді. Ол былай белгіленеді: N, ŋ.

Жаңа әліпбиде «э», «ю», «я» дауысты дыбыстары болмайды. «Э» әрпі бар барлық сөз «е» әріптеріменжазылады, мысалы, element («элемент» - Авт.). Екі дауысты дыбысты білдіретін «ю» және «я» әріптерітранскрипция арқылы бөлініп жазылады. Мысалы:

  • ю = и+у, жаңа әліпби бойынша: ι+u;
  • я = и+а, жаңа әліпби бойынша: ι+а.

Жаңа әліпбиде «ч» әрпі жоқ. Әзірлеушілер «ч»-ны «ш»-ға теңестірді. Себебі, «ч» – қазақ әліпбиі әрпіемес, сырттан алынған.

Латын графикасына көшу 2023 жылдан 2031 жылға дейінгі кезеңге есептелген. Алдағы 3 жылдадайындық кезеңі жоспарланған:

• 2021 - сөздіктер мен әдістемелік материалдарды шығару және басып шығару;

• 2022 - филологтар мен оқытушыларды оқыту;

• 2023 - мектептегі балаларды оқыту.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.