Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Қазақстанда вакцинация ерікті болады және 18 жасқа дейінгі балаларға салынбайды

27.01.2021 • 09:27

Вакцинация вакцина келуін ескере отырып кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Бұл ретте, ең әуелі, коронавирус инфекциясына қарсы тегін вакцинаны халықтың осал тобы алады.

1 ақпаннан бастап Қазақстанда ресейлік вакцинамен коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялаудың бірінші кезеңі басталады, ал 15 ақпаннан бастап Қазақстан өндірген «Спутник V»вакцинасы егіле бастайды, деп хабарлайды Sputnik.kz интернет-басылымы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызмтене сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 77-бабы бойынша кез келген медициналық процедура, оның ішінде вакцинация егілетін адамның келісімімен ғана жүзеге асырылады. Қазақстанда вакцинациядан бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ, кез келген қудалау заңсыз болады.

Бірінші кезеңде жұқпалы аурулар ауруханаларының медицина қызметкерлері, жедел медициналық көмек, жан сақтау, алғашқы медициналық көмек, қабылдау бөлмелері, санэпидқызмет медицина қызметкерлері вакцинацияланады. Екінші кезеңде вакцинация орта мектеп, жоғары оқу орындары оқытушыларына, бірінші кезеңге кірмеген медицина қызметкерлеріне салынады. Үшінші кезең мектеп-интернаттар, балабақшалар мұғалімдерін, студенттер мен созылмалы ауруы бар адамдарды қамтиды.

"Спутник V" вакцинасының 18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсеткіші бар, сондықтан оны тек Қазақстан Республикасының ересек азаматтары қабылдай алады. Сонымен қатар, дәл осындай шарт 65 жастан асқан адамдарға да қатысты.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.