Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Қазақстанда қаңтардағы ҰБТ санитар-эпидемиология талаптары сақталып күндізгі форматта өтеді

22.01.2021 • 04:48

20 қаңтарда Қазақстанның барлық аймағында 120 мыңнан астам адам қатысатын Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. ҰБТ 2021 жылдың 5 ақпанына дейін созылады.

Республикада барлығы 143 тестілеу пункті істейді, 1230 оқу кабинеті бар. Қаңтардағы ҰБТ Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдауымен өтейін деп жатыр және карантинге байланысты 15 ағым бойынша өтеді, деп хабарлайды Informburo.kz.

Тестілеу бес пән бойынша өткізіледі: үшеуі міндетті, екеуі арнайы. ҰБТ қатысушыларына 120 тест тапсырмасы беріледі, оның 15-і қазақстан тарихы, 15-і математика сауаты, 20-ы оқу сауаты, 35-і екі арнайы пән бойынша. Жалпы тестілеуге төрт сағат берілген, ҰБТ-ға қатысушылар ең көп дегенде 140 балл жинай алады.

ҰБТ кезінде санитар-эпидемиология талаптары қатаң сақталады. ҰБТ-ға қашықтықты сақтай отырып, кезекпен баррикада лентасы арқылы кіргізіледі. Сынаққа қатысушылар отырған кезде арасында кемінде 2 метр қашықтық сақталады, аудиториядағы қатысушылар саны 50%-ке азаяды. Тестілеу басталар алдында кластар бактерицидті шамдармен кварцталады. Ата-аналар мен мұғалімдерге ҰБТ өткізілетін  аумақта жүруге тыйым салынады.

Қазақстанда ҰБТ төрт рет өткізіледі: қаңтарда, наурызда, маусым және тамызда. Қаңтардағы ҰБТ-ға қатысу ерікті, тестілеу ақылы өтеді (құны - 2 242 теңге). Қаңтар айында ҰБТ тапсырған талапкер ақылы оқуға түсу мүмкіндігіне ие, бірақ грант бөлу конкурсына қатыса алмайды.

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.