Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Алматы әкімінің орынбасары жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылады

26.08.2020 • 06:57

«Ақсай 1/24» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Светлана Дружинина Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың қаладағы дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізілгені туралы жалған ақпарат таратқаны үшін полицияға арыз берді.

Informburo хабарлауынша, Сапарбек Тұяқбаев 13 шілдеде өткен баспасөз мәслихатында қалада дәрі-дәрмек жеткілікті екенін айтып, дәрі тапшылығы туралы «әлеуметтік желіде әлі шу көтеріп жүргендер бар екенін» айтқан. Осы мәлімдемеден кейін белсенділер дәріханаларға дәрі-дәрмек іздеуге кеткен, бірақ таппаған.

Светлана Дружинина дәрі-дәрмектің жоқтығын растайтын материалдар жинап, 23 шілдеде Сапарбек Тұяқбаевты жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапқа тарту туралы арызбен полицияға жүгінді. Содан кейін бұл арыз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қарауына берілді. Қазір арыз тағы полицияға жіберілді.

Атап өткен жөн, Қазақстанда ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабында Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне немесе қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіру қаупін төндіретін жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстың жасалуына қарай (бір адам, адамдар тобы, қылмыстық топ, алдын ала уағдаласу арқылы) 1000-нан 5000 АЕК-ке дейінгі (1 АЕК = 2778 теңге) мөлшерде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 1200 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 1 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас  бостандығынан айыру жазасы көзделген. Толығырақ сілтемеде.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.