Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

«Жасыл аймақ» Қазақстанда карантинді тоқтатудың жалғыз өлшемі емес

26.02.2021 • 11:57

Карантин санитар-эпидемиология жағдайы бірнеше критериге сай келген кезде толығымен жойылады. 

Қазақстанда карантинді толығымен алып тастау туралы айтуға әлі ерте екеніне қарамастан, Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов бұл үшін қандай жағдай қажет екенін айтты, деп хабарлайды Liter.kz:

1. Барлық өңір «жасыл аймақта» болуы керек;

2. Коронавирус таралуы нөлге дейін төмендеуі қажет;

3. Ұжымдық иммунитет қалыптасуы керек, яғни халықтың 50-60%-і вакцинациялануға тиіс.

Оған қоса, бас дәрігер бұл өлшемдер нақты емес екенін айтып өтті. Ахуал елдегі эпидемиология жағдайына байланысты болады.

«Бізде коронавирус инфекциясының таралу критериі бар, бұл кезде ауру деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 25-тен аспайды және «R» таралу коэффициенті нөлден төмен болуы қажет. Бұл - біз басшылыққа алатын мүмкін критерилердің бірі. Халықтың тиіс топтары мен халықтың қалың жігін вакцина бойынша ұжымдық иммунитетпен кемінде 50-60%-ін толық қамтуға қол жеткізу керек», - деді Қиясов.

Бас дәрігер «жасыл аймақ» барлық шектеуді толығымен алып тастаудың басты критериі емес екенін және вирустың таралуына толықтай жол берілмеген кезде барлық шектеуді алып тастау туралы айтуға болатынын түсіндірді.

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.