Пайдаланушы келісімі
Пайдаланушы келісімі
Осы Пайдаланушы келісімі (бұдан әрі – Келісім) «Qlever» білім беру-ойын-сауық платформасы иелерінің (бұдан әрі – «Платформа Әкімшілігі») төменде баяндалған шарттарда осы ресурста ақпарат орналастыратын немесе пайдаланатын жеке тұлғалармен (бұдан әрі «Пайдаланушы») шарт жасасу туралы ұсынысы.
Платформаны пайдалану ережелері осы Келісімнің қосымшасы болады.
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Келісімнің барлық бөлімдерінде және құжаттарда, және одан туындайтын немесе онымен байланысты Тараптардың қатынастарында келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
Әкімшілік (оператор) - "Qlever" платформасы атынан әрекет ететін, сайтты басқарудың уәкілетті қызметкері. Ол дербес деректерді өңдеуді және қорғауды ұйымдастырады және (немесе) жүзеге асырады, сондай-ақ пайдаланушыларды верификациялауды, жаңалықтар, ойындар, сауалнамалар мен тесттер бөлімдерін басқаруды жүзеге асырады, форумның модераторы болады және марапаттарды қосады/жояды, Платформаны пайдалануда пайдаланушыларға қолдау көрсетеді және көмектеседі, олардың өтініштеріне жауап береді. Әкімшілік - «"MediaNet" халықаралық журналистика орталығы» қоғамдық қоры.
Контент – суреттер, мәтіндік, аудио- және бейнематериалдар, анимация, роликтер, сондай-ақ авторлық және (немесе) сабақтас құқықтардың басқа да объектілері, сондай-ақ басқандай кез келген сипаттағы ақпарат пен хабарламалар. Дербес деректердің құпиялылығы - Әкімшілік немесе дербес деректерге қол жеткізген басқа тұлға дербес деректер субъектісінің келісімінсіз немесе өзге де заңды негіз болмаса, оларды таратуға жол бермеу бойынша міндетті түрде сақтауы тиіс талап.
Мобильді қосымша – ұялы телефонға, планшеттерге және басқа да мобильді құрылғыларға орнатуға және пайдалануға арналған бағдарламалық жасақтама. Ол Пайдаланушыға Интернет желісін пайдалана отырып Сервиске қол жеткізуге мүмкіндік береді. Дербес деректер - электрондық, қағаз және (немесе) өзге де материалдық жеткізгіште тіркелген, нақты немесе олардың негізінде анықталатын дербес деректер субъектісіне қатысты мәліметтер.
Пайдаланушы өзінің дербес деректерін тіркелу кезінде (Пайдаланушы профилін жасау) немесе Сайтты және мобильді қосымшаны пайдалану барысында өз еркімен және ерікті түрде ұсынады. Бұған Пайдаланушының дербес деректері, сондай-ақ Пайдаланушының құрылғысына орнатылған бағдарламалық жасақтама арқылы Платформаны пайдалану барысында Платформа әкімшілігіне автоматты түрде берілетін ақпарат кіреді, оның ішінде IP-мекенжай, cookie файлдарынан алынған ақпарат, сонымен қатар Пайдаланушы туралы басқа да деректер бар.
Пайдаланушы – Qlever платформасында жеке парақшасы (профилі/аккаунты) бар, осы Келісімге өз мүддесі үшін қол қойған немесе өзі өкілдік ететін жеке тұлғаның атынан және мүддесінде әрекет ететін жеке тұлға.
Ынталандырулар – платформа Әкімшілігі анықтаған, пайдаланушылар ойындар мен тесттерді сәтті өткені үшін алуы мүмкін материалдық игіліктер. Бұл пайдаланушыға оң әсер ету және оның Сервисті пайдалануын арттыру тәсілі ретінде жүзеге асырылады және BRYCA жобасының гранттық қаражаты есебінен беріледі.
Сервис — Пайдаланушының оның сценарийінде көзделген белгілі бір нәтижеге қол жеткізуі үшін дәйекті түрде іске қосылатын деректер, командалар және олар тудыратын аудиовизуалды бейнелер, ойындар, марапаттар жиынтығынан тұратын Платформаның негізгі функциялары.
Келісім – осы құжат барлық қосымшалармен, өзгерістермен және онда көрсетілген міндетті құжаттармен бірге, сонымен қатар оның негізінде жасалған қосымша келісімшарттар.
Құрылғы – Платформаны функциялық мақсатына сай пайдалануға мүмкіндік беретін дербес компьютер, планшет, ұялы телефон, коммуникатор, смартфон немесе басқа құрылғы.
Web-нұсқа (сайт) – Интернет желісінде www.qlever.asia доменінде желілік мекенжайлар бойынша қолжетімді автоматтандырылған ақпараттық жүйе.
Дербес деректерді жинау және жинақтау – дербес деректерді алуға, оларды дербес деректерді қамтитын базаға енгізу арқылы жүйелеуге бағытталған әрекеттер.
Дербес деректерді жою – орындалуы нәтижесінде дербес деректерді қалпына келтіру мүмкін болмайтын әрекеттер.
Дербес деректерді иесіздендіру – дербес деректердің субъектіге тиесілі екенін анықтау мүмкін болмайтын әрекеттер. 1.2. Осы Келісімде 1.1-тармақта көрсетілмеген, заңнамада белгіленген өзге де терминдер мен анықтамалар қолданылуы мүмкін. Олар Заңдар мен Пайдаланушы келісімі мәтінінен туындайтын мағынаға сәйкес түсіндіріледі. Заңдар мен Келісім мәтінінде термин немесе анықтаманың бір мәнді түсіндірмесі болмаған жағдайда Әкімшілік осы Келісімнің терминологиясын түсіндіру құқығын өзіне қалдырады.
2. Келісімнің мәні
2.1. Осы Пайдаланушы келісімі "Qlever" Платформасын пайдалану шарттары мен құпиялылық саясатын белгілейді. Пайдаланушы олармен танысып, Платформада тіркелген сәттен бастап толық көлемде қабылдайды және оларды сақтауға немесе Платформаны пайдалануды тоқтатуға міндеттенеді.
2.2. Пайдаланушының Платформаға қол жеткізуі, Сайтты пайдалануы және/немесе Платформада кез келген басқа әрекеттер жасауы Пайдаланушының осы Келісімнің барлық шарттарын қабылдайтынын және оларды сақтауға міндеттенетінін білдіреді. Пайдаланушыны Платформада тіркеу тек Пайдаланушы осы Келісімді қабылдағанын қосымша растаған жағдайда ғана мүмкін болады.
2.3. Сервисті ұсыну осы Келісімнің ережелеріне, сондай-ақ оның негізінде қосымша қабылданатын, Платформада тиісті беттерде жарияланған және белгілі бір Сервисті пайдалану ерекшеліктерін реттей алатын міндетті құжаттарға сәйкес реттеледі.
2.4. «Qlever» платформасының жекелеген бөлімдері мен форумдары Пайдаланушының оларда іс-әрекетіне қойылатын талаптарды нақтылайтын өзіндік ережелермен толықтырылуы мүмкін.
3. Авторизация және тіркелу
3.1. Платформада тіркелу тегін және оның функциялары ақысыз негізде ұсынылады. Платформаның мүмкіндіктері мен функцияларын пайдалану үшін Пайдаланушы Сайтта өз бетінше тіркеледі және тіркеу кезінде сұралатын шынайы дербес деректерді ұсынады. Платформа әкімшілігі Пайдаланушының тіркелу және верификациялау кезінде көрсеткен деректерінің дұрыстығына және соның салдарынан Пайдаланушының өзі туралы жалған мәліметтер хабарлауы нәтижесінде Сервисті пайдалана алмайтынына жауапты емес. Алайда, Әкімшілік толық емес немесе дәл емес деректерді нақтылау үшін қажетті шаралар қолдануға құқылы. Платформада тіркелу Пайдаланушының келесі деректерін сұрауды қамтиды: телефон нөмірі, тұрғылықты аймағы, жасы, жынысы. Қажет болған жағдайда, Әкімшілік қосымша деректерді сұрай алады. Пайдаланушы оларды ерікті түрде ұсына алады.
3.2. Платформада тіркеле отырып, Пайдаланушы кәмелетке толған әрекетке қабілетті тұлға екеніне немесе 12 жасқа толған кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілі (қамқоршысы, қорғаншысы) екеніне кепілдік береді. Заңды өкіл кәмелетке толмаған баланы сайтта тіркейді және оған өз жауапкершілігімен есептік жазба жасайды. Заңды өкіл «Qlever» платформасы шеңберінде кәмелетке толмаған баланың кез келген әрекеттері үшін қолданыстағы ұлттық заңнамаға сәйкес толық жауапкершілікті түсінеді және көтереді. Пайдаланушы тіркелу кезінде оған онлайн қызметтерді пайдалануға заңнамалық шектеулер қолданылмайтынына кепілдік береді. Ата-аналық бақылаудың жүзеге асырылуына қатысты күмән туындаған жағдайда, Платформа Әкімшілігі себептерін түсіндірместен Пайдаланушының есептік жазбасын жоюға және өз құқықтарын қалпына келтіру үшін басқа да заңды шаралар қолдануға құқылы.
3.3. Тіркеу көрсетілген телефон нөміріне sms-хабарлама арқылы жіберілген құпия кодты растау арқылы жүргізіледі. Құпия кодты растағаннан кейін пайдаланушы авторизациялана алады. Тіркелген сәттен бастап Пайдаланушы осы Келісімнің шарттарын орындауға міндетті деп есептеледі. Платформаға қол жеткізу үшін есептік жазба жасай отырып, Пайдаланушы Пайдаланушы келісімін жасасу және орындау үшін қажетті барлық құқықтар мен өкілеттіктерге ие екеніне кепілдік береді.
3.4. Тіркелген Пайдаланушы Сервисті толық пайдалана алады және Платформаның барлық бөлімдеріне қол жеткізе алады. Авторизацияланбаған Пайдаланушы Платформаның мәтіндік беттерін авторизацияланған пайдаланушыға қолжетімді мүмкіндіктерсіз қарай алады.
3.5. Сайтқа тіркелу кезінде Пайдаланушы сайтты пайдалануға байланысты платформа аясында жаңалықтар мен жарнамалық материалдар алуға келіседі. Таратылымнан бас тарту ниеті болған жағдайда, Пайдаланушы жаңалықтар мен жарнамалық материалдарды алудан бас тарту туралы сайт Әкімшілігіне жаза алады. Пайдаланушы Платформадан қызметтік хабарламалар алудан бас тарта алмайды.
3.6. Пайдаланушының атын (бүркеншік атын/nickname) таңдау Пайдаланушының айрықша құқығы. Әкімшілік бүркеншік аттар нәсілшілдікке, сексизмге, гомофобия мен трансфобияға байланысты қорлайтын немесе кемсітетін сөздерді қамтыса, әдепсіз сөздер немесе боқтау сөздер болса, зорлық-зомбылықты, есірткіні немесе басқа да заңсыз әрекеттерді насихаттаса, сондай-ақ оның жазылуы әйгілі әлемдік компаниялардың логотиптерін, сауда белгілерін және брендтерін қайталаса, сондай-ақ жалпы қабылданған моральдық және этикалық нормаларды бұзса немесе платформаның басқа Пайдаланушыларын қорлайтын болса, атты (бүркеншік атты/nickname) пайдалануды тоқтату үшін шаралар қолдану құқығын өзіне қалдырады. «Qlever» платформасының басқа Пайдаланушыларын адастыруы мүмкін дәрежеде бұрыннан бар аттарға ұқсас Пайдаланушы аттарын тіркеуге тыйым салынады.
3.7. Пайдаланушының жеке логині және/немесе құпиясөзі Сайтта авторизациялау үшін қажет. Олардың көмегімен Платформаның тек тіркелген Пайдаланушыларға қолжетімді және тек осы Пайдаланушыға арналған бөлімдері мен жеке беттерінде қол жеткізіледі. Пайдаланушы өзінің логині мен құпиясөзін жария етпеуге, үшінші тұлғаларға бермеуге, сондай-ақ оның логині мен құпиясөзін үшінші тұлғаларға қолжетімді болмауы үшін барлық қажетті күш-жігерді жұмсауға міндеттенеді. Пайдаланушы логин мен құпиясөзін пайдалана отырып Сайтта рұқсатсыз (Пайдаланушы рұқсат етпеген) авторизацияның кез келген жағдайы және/немесе өз құпиясөзінің құпиялылығының кез келген бұзылуы (бұзылу күдігі) туралы Платформа Әкімшілігіне дереу хабарлауға міндетті.
3.8. Пайдаланушыдан басқа кез келген тұлға Пайдаланушының логині мен құпиясөзін пайдалана отырып Платформада авторизацияланса, онда мұндай тұлға жасаған барлық әрекеттер осы Пайдаланушы жасаған болып есептеледі. Пайдаланушы Платформада өзі жасаған барлық әрекеттер үшін, сондай-ақ Пайдаланушының логині мен құпиясөзін пайдалана отырып кез келген өзге тұлғалар жасаған барлық әрекеттер үшін дербес жауапты болады.
3.9. Платформа Әкімшілігі Пайдаланушының осы Келісімнің осы бөлігінің ережелерін бұзуы салдарынан болуы мүмкін ақпараттың жоғалуы немесе бұрмалануы үшін жауап бермейді.
4. Платформаның жұмыс істеуі және оны пайдалану
4.1. «Qlever» білім беру-ойын-сауық платформасы ойын-сауық және оқыту элементтері бар мобильді ойындар арқылы дүниетанымды кеңейтуге, сыни ойлауды дамытуға, пайдаланушыларды медиасауат негіздерімен, адам құқықтарымен таныстыруға арналған. Бұл платформада ұсынылған ойындар платформаның ақпараттық бөлімімен байланысты болуы мүмкін. Жаңалықтар бөлімдерімен, глоссариймен және платформада орналастырылған басқа материалдармен танысу ойындарды сәтті өтуге ықпал етуі мүмкін. Платформа веб-нұсқада және Android бағдарламалық жасақтамасы негізіндегі мобильді құрылғыларда қолжетімді. Белгіленген техникалық талаптарға сәйкес Платформаны пайдалану тек интерактивті (онлайн) режимде мүмкін. Осыған байланысты Пайдаланушы Интернетке қосылуды қамтамасыз етуі қажет. Пайдаланушы Интернет-байланысты өз бетінше қолдайды, Интернетке қол жеткізуді қамтамасыз етуге байланысты барлық шығындарды көтереді.
4.2. Платформа әкімшілігі ойындарды қоса алғанда, контентті тиісті бөлімдерде орналастырады және тіркелген пайдаланушылар үшін қол жеткізуді ашады. Платформада орналастырылған ойындар тәуекелдерге негізделмеген және оларды пайдалану кезінде Пайдаланушылардың ықтимал қаржылық немесе материалдық тәуекелдерін болдырмайды. Ойындардың нәтижесі Пайдаланушының шеберлігі мен дағдыларына байланысты және кездейсоқ анықталмайды. Платформа сервисін немесе оның компоненттерін, оның ішінде ойындарды пайдалану пайдаланушылардан төлемді, ақшалай немесе өзге де материалдық салымдарды талап етпейді.
4.3. Ойынға қатысты интеллектуалдық және өзге де меншік құқықтары, оның ішінде кез келген графикалық кескіндер, фотосуреттер, анимация, бейнежазбалар, дыбыс жазбалары, музыка, мәтін, Ойынға ілеспе материалдар және оның кез келген бөліктері немесе көшірмелері Әкімшілікке немесе тиісті құқық иеленушілерге тиесілі. Әкімшілік қолданыстағы ұлттық заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, Ойынды пайдалану барысында ұсынылған Пайдаланушы туралы жеке ақпаратты құпия сақтауға міндеттенеді.
4.4. Пайдаланушы Ойын логикасында көзделген кез келген әрекеттерді жасауға, ойын нысандарын басқару, басқа Пайдаланушылармен ойын заттары мен құндылықтарын алмасу үшін техникалық мүмкіндіктерді пайдалануға құқылы. Пайдаланушы Ойынның бағдарламалық кодына араласпауға, Әкімшіліктің тиісті рұқсатынсыз ойын пайдаланушыларының дерекқорына немесе Интернетте ашық қолжетімді болмаған басқа материалдарға қол жеткізбеуге міндеттенеді. Пайдаланушы құқық иеленушінің рұқсатымен контентті өзгертуді қоспағанда, Ойын немесе оның бөліктері негізінде туынды өнімдер жасауға құқылы емес.
4.5. Пайдаланушы Ойында көзделмеген мүмкіндіктерді алу үшін Ойынның қателіктерін немесе кемшіліктерін пайдалануға құқылы емес және олар туралы, сондай-ақ осындай қателіктерді немесе кемшіліктерді пайдаланатын адамдар туралы Әкімшілікке дереу хабарлауға міндетті. Олай болмаған жағдайда Пайдаланушы осы Келісімде көзделген құқықтардан айырылады және Әкімшілік келтірілген зиян мен салдарларды өтеуді талап етуге құқылы. Пайдаланушы Ойынды пайдалануға және ойын процесіне байланысты шағымдар мен ұсыныстарды пайдаланушылардың арнайы контингентіне - ойын форумына немесе көрсетілген мекенжайларға электрондық пошта арқылы жіберуге құқылы.
4.6. Платформа сервисі осы келісімге қосымша «Платформаның шарттары мен ережелері» құжатына сәйкес Платформа Әкімшілігі анықтаған материалдық игіліктер түрінде ынталандырулар алу мүмкіндігін ұсынады. Ынталандырулар Пайдаланушының ойындар мен тесттерде сапалы ілгерілеуінен кейін ғана қолжетімді. Ынталандыруларды алу Платформаны пайдаланудың қажетті шарты емес және Пайдаланушының сұрауы мен қалауы бойынша жүзеге асырылады. Пайдаланушы Сервис мүмкіндіктерін ойын процесі шеңберінде және Платформа Әкімшілігі белгілеген шектерде пайдалануға құқылы.
4.7. Ынталандыруларды пайдалану құқығы QR-код берілген және оны Пайдаланушының есептік жазбасында (аккаунтында) көрсеткен сәттен бастап берілген болып есептеледі. Ынталандыруларға сұрау салу кезінде Пайдаланушы тиісті жеткізу әдістерінің нұсқауларын, сондай-ақ ынталандыруларды нақты алу үшін белгіленген талаптарды орындауға міндеттенеді. Пайдаланушы Платформада тіркелу кезінде, сондай-ақ ынталандырулар алу үшін шынайы дербес деректерді көрсетуге міндеттенеді. Пайдаланушы ынталандыруларды алу кезінде дұрыс емес деректерді көрсетумен байланысты жағымсыз салдарлардың туындау тәуекелдерін өз бетінше көтереді. Алу/беру салықтық міндеттемелермен байланысты ынталандыруларды алған жағдайда (құны жылына есептеу көрсеткіштерінің 100-ден асатын), Пайдаланушы тиісті салықты төлеу мақсатында Платформа Әкімшілігіне немесе оның өкілдеріне ынталандыруды алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (немесе кәмелетке толмаған Пайдаланушының ата-анасының біреуінің, қамқоршысының немесе өзге де заңды өкілінің) ұсынады. Ынталандыруларды беру тек нұсқаулықтарды адал орындау және ынталандыруларды алу ережелерін сақтау шартымен ғана беріледі. Пайдаланушыға нақты берілгеннен кейін Платформа Әкімшілігі алынған ынталандыруды одан әрі пайдалану/пайдаланбау үшін жауапты болмайды.
4.8. Пайдаланушы осымен өзі таңдаған ынталандыруларды үшінші тұлғалардың құқықтары мен қолданылатын құқықты бұзбай алуға құқылы екенін растайды. Пайдаланушы Платформа Әкімшілігіне, басқа пайдаланушыларға және өзге де үшінші тұлғаларға Пайдаланушының заңсыз мінез-құлқына байланысты, оның ішінде шынайы емес немесе оған тиесілі емес деректерді пайдалануға байланысты туындаған барлық шығындарды өтеуге міндеттенеді.
5. Тараптардың құқықтары мен жауапкершілігі:
5.1.1. Пайдаланушылар өздерінің дербес деректеріне, дербес деректерді өңдеу мақсаттары, жинау, өңдеу және сақтау мерзімдері, деректердің болжамды трансшекаралық берілуі, платформа иесі ұйымның толық атауы мен заңды мекенжайы, әкімшісі және дербес деректерге қол жеткізе алатын немесе дербес деректер ашылуы мүмкін тұлғалар туралы (иеленушінің қызметкерлерін, Әкімші және үшінші тұлғаны қоспағанда) ақпаратқа қол жеткізу құқығына ие.
5.1.2. Платформа иесі, Әкімші Пайдаланушыға немесе оның заңды өкіліне оған қатысты ақпаратты өтініш алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып жиналған және өңделген субъект туралы мәліметтер субъектінің немесе оның заңды өкілінің талабы бойынша не соттың немесе басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың шешімі бойынша бір жұмыс күні ішінде дербес деректердің жалпыға қолжетімді көздерінен алынып тасталады.
5.1.3. Пайдаланушы өзінің дәл емес немесе жаңылыстыратын дербес деректерін түзетуді, дербес деректерін иесіздендіруді немесе жоюды талап етуге құқылы.
5.1.4. Дербес деректерге қол жеткізу Пайдаланушының платформада тіркелу кезінде өзінің дербес деректерін ұсынуға ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылады.
5.1.5. Әкімші дербес деректерді жинау және өңдеу кезінде Пайдаланушылардың толық емес немесе дәл емес деректерін нақтылау бойынша шаралар қабылдауды талап етуге құқылы.
5.2. Тараптардың жауапкершілігі
5.2.1. Әкімші дербес деректерді өңдеу кезінде дәл дербес деректерді қамтамасыз етуді талап етуге құқылы. Ақпарат сәйкес келмеген жағдайда, Әкімші дәлсіздіктерді түзетуді немесе жетіспейтін ақпаратты толықтыруды талап етуге құқылы. Әкімші Пайдаланушының дәл емес деректерін түзетпеген немесе Әкімші белгілеген мерзімде жетіспейтін ақпаратты ұсынбаған жағдайда, Пайдаланушының аккаунтын жоюға немесе уақытша бұғаттауға, немесе заңға сәйкес басқа да әсер ету шараларын қабылдауға құқылы.
5.2.2 Платформа Әкімшілігі Платформаның тәулік бойы тиісті жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндеттенеді, алайда Платформа Әкімшілігі Әкімшілікке байланысты емес себептер бойынша Платформа жұмысында қандай да бір бұзушылықтар болған жағдайда ешқандай жауапкершілік көтермейді.
5.2.3. Платформа Әкімшілігі Платформада орналастырылған Ақпарат кез келген уақытта қолжетімді болатынына немесе жойылмайтынына немесе жоғалмайтынына кепілдік бермейді. Платформа Әкімшілігі Платформа жұмысындағы іркілістер мен кідірістер үшін, сондай-ақ осындай іркілістер мен кідірістердің ықтимал салдары үшін жауапты емес.
5.2.4. Платформа әкімшілігі Пайдаланушының дербес деректерін заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, рұқсатсыз таратудан, сондай-ақ үшінші тұлғалардың өзге де заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін қажетті және жеткілікті ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қабылдайды. Пайдаланушылардың дербес деректері тек Платформаның мүдделері мен мақсаттарында пайдаланылады және коммерциялық мақсаттарда пайдаланылмайды. Пайдаланушылардың дербес деректері ешбір жағдайда Платформа Әкімшілігінің шегінен тыс үшінші тараптарға берілмейді.
5.2.5. Платформа әкімшілігі Платформаға қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруына байланысты өзіне белгілі болған дербес деректерді құрайтын мәліметтерді жария етпеуге, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген мәліметтерді үшінші тұлғалардың қол сұғуынан және жария ету әрекеттерінен, кездейсоқ немесе рұқсатсыз тарап кетуден, көшіруден, ұрлаудан, жоғалтудан, бұрмалаудан, жария етуден немесе жоюдан қорғауға міндеттенеді. Пайдаланушының дербес деректерін үшінші тұлғаға беру туралы Пайдаланушыға хабарлау шарты болған кезде Әкімші бұл туралы он жұмыс күні ішінде Пайдаланушыға немесе оның заңды өкіліне хабарлайды. Пайдаланушылардың дербес деректерін құрайтын және Платформа Әкімшілігі материалдық және материалдық емес нысандарда алған барлық ақпарат заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, жоба консорциумының шегінен тыс беру құқығынсыз тек Әкімшілікке беріледі.
5.2.6. Платформа Әкімшілігі Пайдаланушыға немесе үшінші тұлғаларға олардың Платформаны пайдалануы нәтижесінде немесе Платформаның жұмыс істеуіне байланысты, сондай-ақ осы Келісімде көзделген барлық өзге де жағдайларда келтірілген алынбаған пайданы, моральдық және өзге де зиянды қоса алғанда, кез келген залал үшін жауап бермейді, өтемейді және жауапты болмайды.
5.2.7. Пайдаланушы Платформада орналастырған және/немесе Платформа арқылы басқа Пайдаланушыларға немесе үшінші тұлғаларға хабарлайтын Ақпарат үшін, оның ішінде оның мазмұны үшін, Пайдаланушы орналастыратын және/немесе хабарлайтын Ақпаратқа үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзғаны үшін толық жауапкершілікті өзі көтереді. Пайдаланушы көрсетілген бұзушылықтардың және/немесе Платформада осындай Ақпаратты орналастырудың және/немесе Платформа арқылы хабарлаудың, сондай-ақ Платформаны пайдалануға байланысты өзге де әрекеттердің салдарынан басқа Пайдаланушыларда, үшінші тұлғаларда немесе Платформа Әкімшілігінде туындаған кез келген залалды (оның ішінде алынбаған пайданы, моральдық және өзге де зиянды) өз бетінше өтейді.
5.2.8. Пайдаланушы Платформаны пайдалану кезінде келесі Ақпаратты Платформа деректерін пайдалану арқылы қайда да болсын орналастырмауға және жібермеуге міндеттенеді:
- жала жабатын, қорлайтын, үшінші тұлғалардың ар-намысын және/немесе қадір-қасиетін қорлайтын/кемсітетін, қорқыту элементтері бар;
- үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін бұзатын;
- азаматтардың жеке өміріне және қоғамдық тәртіпке қол сұғатын;
- нәсілдік, этникалық, жыныстық, діни белгілері, әлеуметтік мәртебесі, жыныстық бағдары немесе өзге де белгілері бойынша адамдарды кемсітушілікті насихаттайтын;
- конституциялық құрылысты өзгертуге ықпал ететін және/немесе шақыратын;
- соғысты, діни, нәсілдік немесе ұлтаралық алауыздықты қоздыратын, дұшпандықты тудыруға әрекет жасайтын немесе зорлық-зомбылыққа шақыратын, азшылықтардың құқықтарын шектейтін;
- порнографиялық материалдарды немесе өзге де адамгершілікке жат материалдарды қамтитын;
- экстремистік материалдарды қамтитын;
- азаматтардың діни сезімдерін қорлайтын;
- "тапсырыстық" сипаттағы ақпарат, яғни Платформаны құру мақсаттарына сәйкес келмейтін біреудің мүдделерінде жасалған ақпарат;
- Платформада және/немесе Платформа арқылы компьютерлік вирустарды немесе кез келген компьютерлік немесе телекоммуникациялық жабдықтың немесе бағдарламалардың функционалдығын бұзуға, өзгертуге, бұғаттауға, жоюға немесе шектеуге арналған басқа да компьютерлік кодтарды, файлдарды немесе бағдарламаларды, сондай-ақ рұқсатсыз қол жеткізуді жүзеге асыруға арналған бағдарламаларды, сондай-ақ коммерциялық бағдарламалық өнімдерге арналған сериялық нөмірлерді және оларды генерациялауға арналған бағдарламаларды, логиндерді, парольдерді және Сайтқа, сондай-ақ Интернет желісіндегі ақылы ресурстарға рұқсатсыз қол жеткізуге арналған өзге де құралдарды таратпау;
- ақпаратты және дерекқорды "сорып алуға" (жинауға), заңсыз беруге, көшіруге, бұғаттауға, өзгертуге, жоюға, сондай-ақ Платформа Әкімшілігі белгілеген шектеулерді айналып өтуге бағытталған қандай да бір компьютерлік бағдарламаларды, роботтарды ("өрмекшілерді") немесе басқа да автоматты алгоритмдер мен әдістерді таратпау және/немесе пайдаланбау;
- Платформада зияткерлік меншік туралы заңнамамен қорғалатын Ақпаратты (оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, қандай да бір патентке, тауар белгісіне, авторлық және/немесе оларға сабақтас құқықтарға қатысты) және заңмен қорғалатын өзге де Ақпаратты мұндай Ақпараттың құқық иеленушісінен тиісті құқықтар мен рұқсаттарсыз орналастырмау немесе өзге тәсілмен пайдаланбау. Даулы жағдай туындаған жағдайда Пайдаланушы орналастыратын Ақпарат ешкімнің құқықтарын бұзбайтынын дәлелдеу ауыртпалығы осындай Пайдаланушыға жүктеледі;
- Платформа Әкімшілігінің алдын ала келісімінсіз Платформада жарнаманы орналастырмау және таратпау;
- басқа Пайдаланушылардың Дербес ақпаратын жинауды, сақтауды, таратуды және өңдеу бойынша өзге де әрекеттерді жүзеге асырмау;
- Платформада мазмұны заңнама талаптарына және/немесе осы Келісімге қайшы келетін басқа Интернет-ресурстарға сілтемелерді орналастырмау;
- Платформада тіркелу кезінде өзі туралы жалған Дербес ақпарат көрсетпеу, басқа нақты бар немесе болған тұлғаның атынан Платформада тіркелмеу және әрекеттер жасамау, үшінші тұлғалардың дербес ақпаратын көрсетпеу, үшінші тұлғалардың заңсыз өкілдігінің кез келген нысандары мен тәсілдерін қолданбау;
- Платформа арқылы басқа Пайдаланушылардан және/немесе үшінші тұлғалардан ақша бопсалауға немесе алуға бағытталған әрекеттерді, сылтауына қарамастан, жасамау;
- есірткі және психотроптық заттарды қолдануды насихаттамау және оларды қолдануға итермелемеу, Платформа арқылы секс жұмысына тартпау;
- Сайтты пайдалана отырып, ұлттық заңнама және/немесе осы Келісім талаптарына қайшы келетін өзге де құқыққа қарсы, заңсыз әрекеттерді жасауға жәрдемдеспеу және/немесе жасамау.
5.3. Пайдаланушы Платформаны пайдалану кезінде міндеттенеді:
- басқа пайдаланушыларға ойын нәтижелерін өзгертуге немесе әсер етуге мүмкіндік беретін ақпаратты (мысалы, ойын тапсырмаларына дұрыс жауаптарды) хабарламау;
- Платформада ынталандыру алу үшін қажетті жұлдызшаларды (ұпайларды) жасанды жинақтауға және беруге қатыспау, оның ішінде: Платформаның бір пайдаланушысына бірнеше аккаунт жасау, жұлдызшаларды бір аккаунттан екіншісіне беру, промокодтарды немесе платформадағы жұлдызшалардың басқа баламаларын басқа пайдаланушыға беру, бір немесе бірнеше аккаунтта жұлдызшалар жинау мақсатында басқа пайдаланушылармен сөз байласу және Платформа Әкімшілігі белгілеген шектеулерден айналып өтуге мүмкіндік беретін өзге де айла-шарғы жасау тәсілдерінен бас тарту;
5.4. Платформа Әкімшілігі Пайдаланушыға тек Платформада Ақпарат орналастыру және Платформа сервистерін пайдалану мүмкіндігін ұсынады. Платформа Әкімшілігі Пайдаланушылар Платформада орналастырған Ақпараттың шынайылығы мен заңдылығы үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді. Платформа Әкімшілігі өз қалауы бойынша Пайдаланушы Платформада орналастырған кез келген Ақпаратты орналастырудан бас тартуы, жоюы және/немесе өңдеуі мүмкін. Пайдаланушы қолданыстағы Келісімді бұзған жағдайда, Әкімшілік алдын ала ескертусіз біржақты тәртіппен Пайдаланушының қатысуын немесе Пайдаланушының Платформаға қол жеткізуін толық немесе ішінара шектеуге, сондай-ақ Пайдаланушыға Платформа сервисін пайдаланудан бас тартуға құқылы, бұл ретте мұндай әрекеттермен немесе әрекетсіздікпен Пайдаланушыға келтірілуі мүмкін кез келген залал үшін жауапкершілік көтермейді.
6. Хабарландырулар
6.1. Пайдаланушы Платформа аясында немесе оған байланысты болып жатқан маңызды оқиғалар туралы ақпараттық электрондық хабарламалар ала алады.
6.2. Пайдаланушыға профилактикалық жұмыстарға, Пайдаланушының бұзушылықтарына, Платформа функционалының өзгеруіне, Сервисті ұсыну мазмұны немесе шарттарының өзгеруіне байланысты Платформаға және/немесе Сервиске қол жеткізудің шектеулері туралы хабарлау үшін хабарландыруларды пайдалануға рұқсат етіледі, оның ішінде Келісімнің, міндетті және қосымша құжаттардың өзгеруі де бар.
6.3. Платформа Әкімшілігі өз қалауы бойынша өзінің қызметтері мен өнімдерінің (қызметтерінің) және үшінші тұлғалардың жарнамасын тарату үшін хабарландыруларды пайдалануға құқылы.
7. Қорытынды ережелер
7.1. Платформаның жұмыс істеуіне қатысты наразылықтар немесе оны пайдалану кезінде Пайдаланушының құқықтары немесе мүдделері бұзылған жағдайда, дауды шешу және реттеу мүмкіндігін қарастыру үшін Платформа Әкімшілігіне өтініштер жіберілуі мүмкін. Осы Келісіммен реттелетін қатынастардан туындайтын барлық ықтимал даулар Платформа құқық иеленушілерінің орналасқан жері бойынша қолданыстағы ұлттық заңнамада белгіленген тәртіппен шешіледі.
7.2. Егер қандай да бір себептермен осы Келісімнің бір немесе бірнеше ережесі жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл Келісімнің қалған ережелерінің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.
7.3. Пайдаланушы осы Келісім ережелерін бұзған жағдайда Платформа Әкімшілігі тарапынан әрекетсіздік кейінірек өз мүдделерін қорғау үшін тиісті әрекеттер жасау құқығынан айырмайды, сондай-ақ кейіннен осындай немесе ұқсас бұзушылықтар жасалған жағдайда Платформа Әкімшілігінің өз құқықтарынан бас тартуын білдірмейді.
7.4. Осы Келісім орыс тілінде жасалған және кейбір жағдайларда Пайдаланушыға танысу үшін басқа тілде ұсынылуы мүмкін. Келісімнің орыс тіліндегі нұсқасы мен Келісімнің басқа тілдегі нұсқасы арасында айырмашылықтар болған жағдайда, осы Келісімнің орыс тіліндегі нұсқасының ережелері қолданылады.
7.5. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланушылардың дербес деректерін өңдеу мүмкіндігі бар Платформаның құқық иеленушісі, сондай-ақ Платформаны әкімшілендіру құқығына ие "MediaNet" халықаралық журналистика орталығы" ҚҚ болып табылады, мекенжайы: Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 117/86 үй, 207, 303 кеңселер.
7.6. Сайт, мобильді қосымша әкімшілігі осы Келісімге өзгерістер енгізуге және бұл туралы Пайдаланушыға хабарлауға құқылы.
7.7. Жаңа Пайдаланушы келісімі, егер Құпиялылық саясатында өзгеше көзделмесе, оны Сайтта және "Qlever" мобильді қосымшасында орналастырған сәттен бастап күшіне енеді.