Дождитесь окончания загрузки
Модальное окно "Дорогой друг, прими участие в опросе"
preview Артқа

Qlever ақпан айында қайта іске қосылады ?

22.01.2024 • 13:59

Сәлем!

Керемет жаңалығымызды қуана хабарлағымыз келіп отыр: Qlever платформасы қайта іске қосылуға дайын! ?Сені өте қызық ойындар, керемет жүлделер мен басқа да ерекше оқиғалар күтеді. ?

?1 ақпаннан бастап сағат 18:00-де дүкенді ашамыз. Жаңалықтардан қалыс қалмас үшін пуш хабарламаларға жазылып ал. Саған міндетті түрде хабар береміз. Айтпақшы, бұған дейін жинаған жұлдыздарыңның бәрі сақталады және оларды дүкенімізде жұмсай аласың. Сонымен қатар онда жаңа жүлделер шығаруға тырысып жатырмыз. Сондықтан Qlever платформасына жиі кіріп тұр ?

? Ал біз жаңа ойындар жасауға бел шеше кірісіп кеттік. Оны ақпанның аяғында байқап көре аласың.

? Сұрақтарың болса, сайттағы FAQ бөліміне – орысша, қазақша – назар аудар. Сол жерден жүлделерден бастап, тіркеу процесі туралы ең жиі қойылатын сұрақтардың жауабын таба аласың. Сонымен қатар бізге 1️ Телеграм бот (сол жерде жылдам жауап береміз), 2️ Платформаның  "Кері байланыс" бөлімі немесе  3 Qleverkz@gmail.com электронды поштасы арқылы  (поштаға жазғандарға асықпай жауап береміз) хабарласа аласың.

Достарыңа Qlever туралы айтуды ұмытпа. Ойын ойнап, жұлдызша ⭐ жинап, біліміңді тереңдет!

Маңызды хабарламаларды көрмей қалмас үшін, жаңалықтарды оқып жүр. Байланыста болайық! ?

 

Бұл ақпараттық-танымдық платформа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан жастарына арналған.

Платформа серіктес елдер заңнамасы талаптарын ескере отырып әзірленген. Платформада қолданылатын барлық мысалдар тек оқу мақсатында келтіріледі және заңға қайшы келуді көздемейді. Платформаны қолдана отырып, Сіз өз түсінуіңізді растайсыз және жоғарыда аталған мақсат-міндеттермен келісесіз.