Дождитесь окончания загрузки
Артқа

Жоба туралы ақпарат

«BRYCA» ЖОБАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Платформа Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен «Орталық Азия жастарының сыни ойлауын арттыру үшін медиа және ақпараттық сауат» (BRYCA) жобасы аясында әзірленген. Жобаны IREX Europe ҮЕҰ (Франция), MediaNet Халықаралық журналистика орталығы (Қазақстан), БАҚ-ты қолдау орталығы (Қырғызстан), Заманауи журналистиканы дамыту орталығы (Өзбекстан) және «Гурдофарид» қоғамдық ұйымы (Тәжікстан) сынды үкіметтік емес ұйымдар тобы жүзеге асыруда. Жобаны жүзеге асыру мерзімі 2020 жылғы қаңтар – 2022 жылғы желтоқсан.

BRYCA жобасының мақсаты – сыни ойлауды ілгерілету және Орталық Азия елдеріндегі жастардың дезинформация мен мисинформацияға және онлайн өшпенділік тіліне қарсы  табандылығын арттыру. Жоба екі компонентті қамтиды:

  • QLEVER ойын платформасын әзірлеу.

QLEVER ойын платформасы – білім беру-ойын-сауық порталы, ол Android операциялық жүйесі базасындағы цифрлық тасымалдаушыларға, соның ішінде www.qlever.asia веб-сайты Chrome, Mozilla Firefox, Microsoft Edge, Safari, Opera браузерлері арқылы қолжетімді. Біздің ойындық тәжірибеміздің мақсаты – Орталық Азия елдерінің жастарына өздерінің қауіпсіздігі мен төзімді болуы үшін жалған ақпарат пен өшпенділік тілін анықтаудың маңызды дағдылары мен әдістерін нығайтуға көмектесу.

Ойын платформасының контенті әр жобалық елде жүргізілетін мониторинг нәтижелеріне негізделген. Бұл мониторинг фактілерді дұрыс қолданбау, жалған пайымдау, жалған дәйексөздер, суреттерді/бейне/деректерді дұрыс қолданбау сынды түрлі формалары болуы ықтимал қастық пікірлердің, бұрмалаулардың, манипуляциялардың және объективтеудің өзекті мысалдарын анықтайды. Ойындарды әзірлеуде осындай мысалдар мен мониторинг нәтижелерін пайдалану тек қана білім беру мақсатында жүргізіледі және оларды жергілікті елдің заңнамасына қайшы келетін өзге мақсаттарда пайдалануды білдірмейді.

  • Өшпенділік тілі мен жалған ақпаратқа қарсы тұру және сыни ойлауды ілгерілету мақсатында медиа ақпараттық сауат бойынша білім беру материалдарына қолжетімділікті ұлғайту.

Бұл компонент аясындағы қызмет IREX Europe, БАҚ-ты қолдау орталығының және MediaNet орталығының Медиа Сабақ онлайн платформасы (https://mediasabak.org/ru/) мен медиасауат бойынша бірнеше оқу құралын әзірлеу саласындағы жемісті тәжірибесі негізінде құрылуда.  

 

Атап айтқанда, осы жоба аясында медиа ақпараттық сауат бойынша қолданыстағы оқу құралдарын үйлестіру және осал топтағы жастарға бағытталған оқу құралын әзірлеу жоспарланып отыр. Одан бөлек, біз Медиа Сабақ платформасын 5 тілде (орыс, қазақ, қырғыз, өзбек және тәжік) қолжетімді болатын жаңа материалдармен толықтырамыз. Платформа студенттерге, мұғалімдерге, кітапханашыларға және басқа да білім беру қызметкерлері мен мүдделі тұлғаларға бағытталған.

Жоба туралы толығырақ BRYCA фейсбуктегі ресми парақшасынан білуге болады @BRYCACentralAsia. Қосымша ақпарат алу үшін төмендегі мекенжайларға хабарласа аласыздар:

 

IREX Europe:

Flora Graioni, Deputy Director

Email: fgraioni@irexeurope.eu

 

Maira Zeinilova, Project Manager

Email: mzeinilova@irexeurope.eu

 

Қазақстан:

Алена Кошкина, MediaNet Халықаралық журналистика

Орталығы Медиасауат бағдарламасының жетекшісі

Email: info@medianet.kz

Телефон: +7 727 339 0551

 

Қырғызстан:

Урмат Каныбеков, БАҚ-ты қолдау орталығы

QLEVER ойын платформасының үйлестірушісі

Email: urmаt.msc@gmail.com

Телефон: +(996) 700 08-20-09

 

Тәжікстан:

Фарход Маджидов, «Гурдофарид» ҮЕҰ 

QLEVER ойын платформасының үйлестірушісі

Email: qlever.tj@gmail.com

Телефон: +(992) 925 55-84-84

 

Өзбекстан:

Эмиль Фахреев, Заманауи журналистиканы дамыту орталығы

QLEVER ойын платформасының үйлестірушісі

Email: uzb.qlever.game@gmail.com 

Телефон: +998 (99) 780-04-45 (телеграм)