Политика конфиденциальности
Дождитесь окончания загрузки
Артқа

Құпиялылық саясаты

Құпиялық саясаты

1. Бұл Құпиялық саясатында төмендегі терминдер қолданылады:

1.1. «Qlever» мобильді қосымшасы мен сайтының әкімшілігі (әрі қарай – Мобильді қосымша мен сайт әкімшілігі) – «MediaNet «Халықаралық журналистика орталығы» ҚҚ атынан әрекет ететін, дербес деректерді ұйымдастыратын және (немесе) өңдейтін, дербес деректерді өңдеу мақсаттарын, өңделуі тиіс деректердің құрамы мен жеке деректерге қатысты іс-әрекетті (операцияларды) анықтайтын мобильді қосымша мен сайтты басқаруға уәкілетті қызметкерлер.

1.2. «Дербес деректер» – белгілі немесе анықталатын жеке тұлғаға (дербес деректер субъектісіне) тікелей немесе жанама түрде қатысты кез келген ақпарат.

1.3. «Дербес деректерді өңдеу» – дербес деректерді жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қолжетімді ету), иеліктен алу, бұғаттау мен жоюды қосқанда, автоматтандыру құралдарын пайдалана отырып немесе пайдаланбай жасалатын кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығы.

1.4. «Дербес деректердің құпиялылығы» – Дербес деректер субъектісінің келісімінсіз немесе өзге де заңды негізсіз дербес деректерді таратуға жол бермеу туралы Оператор немесе дербес деректерге рұқсат алған өзге тұлға міндетті түрде сақтауы тиіс талап.

1.5. «Qlever» мобильді қосымшасы мен сайтын пайдаланушы (әрі қарай – Пайдаланушы) – Интернет желісі мен «Qlever» қосымшасы арқылы www.qlever.asia сайтына және мобильді қосымшаға рұқсаты бар тұлға.

1.6. «IP-адрес» — IP хаттамасы бойынша құрылған компьютерлік желідегі тораптың бірегей желілік мекенжайы.

2. Жалпы ережелер

2.1. Пайдаланушының «Qlever» мобильді қосымшасы мен сайтын қолдануы осы Құпиялық саясаты мен Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу шарттарымен келісетінін білдіреді.

2.2. Құпиялық саясатының шарттарымен келіспеген жағдайда Пайдаланушы сайтты, «Qlever» мобильді қосымшасын пайдалануды тоқтатуы тиіс.

2.3. Бұл Құпиялық саясаты тек сайт пен «Qlever» мобильді қосымшасына қолданылады. «Qlever» Пайдаланушы сайт пен «Qlever» мобильді қосымшасындағы қолжетімді сілтемелер бойынша өтуі мүмкін үшінші тұлғалардың сайттары үшін жауап бермейді және қадағаламайды.

2.4. «Qlever» мобильді қосымшасы мен сайтының әкімшілігі «Qlever» мобильді қосымшасы мен сайтын Пайдаланушы ұсынған дербес деректердің дұрыстығын тексермейді.

3. Құпиялық саясатының мәні

3.1. Осы Құпиялық саясаты Пайдаланушы «Qlever» сайты мен мобильді қосымшасына тіркелгенде немесе тапсырысты рәсімдегенде сайт әкімшілігінің сұрауымен беретін Дербес деректердің құпиялығын қорғау режимін қамтамасыз ету мен жарияламау бойынша «Qlever» сайты мен мобильді қосымшасы әкімшілігінің міндеттемелерін анықтайды.

3.2. Жоғарыда келісілмеген кез келген өзге дербес ақпарат та сенімді түрде сақталып, таратылмауы тиіс.

4. Пайдаланушының дербес ақпаратын жинау мақсаттары

4.1. Сайт әкімшілігі Пайдаланушының Дербес деректерін төмендегі мақсаттарда қолдана алады:

4.1.1. «Qlever» сайты мен мобильді қосымшасынан тапсырысты қашықтан рәсімдеу үшін «Qlever» сайты мен мобильді қосымшасына тіркелген Пайдаланушыны сәйкестендіру.

4.1.2. Пайдаланушыға «Qlever» сайты мен мобильді қосымшасының дербестендірілген ресурстарын қолжетімді ету.

4.1.3. «Qlever» сайты мен мобильді қосымшасын қолдануға, қызмет көрсетуге және Пайдаланушының сұраулары мен өтінімдерін өңдеуге қатысты хабарламалар мен сұраулар жіберуді қоса алғанда, Пайдаланушымен кері байланыс орнату.

4.1.4. Пайдаланушы ұсынған дербес деректердің дұрыстығы мен толықтығын растау.

4.1.6. Егер Пайдаланушы есеп жазбасын жасауға келісім берсе, сатып алу жұмыстары үшін есеп жазбасын жасау.

4.1.8. «Qlever» сайты мен мобильді қосымшасын пайдаланумен байланысты қиындықтар туындаған жағдайда Пайдаланушыға тиімді клиенттік және техникалық қолдау көрсету.

5. Дербес деректерді өңдеу тәсілдері мен мерзімдері

5.1. Пайдаланушының дербес деректерін өңдеу кез келген заңды тәсілмен, оның ішінде дербес деректердің ақпараттық жүйелерінде автоматтандыру құралдарын пайдаланып немесе мұндай құралдарды пайдаланбай-ақ жүзеге асырылады.

5.2. Пайдаланушы Сайт пен мобильді қосымша әкімшілігінің жеке мәліметтерді үшінші тұлғаларға, атап айтқанда, курьерлік қызметтерге, пошталық байланыс ұйымдарына, электр байланысы операторларына тек «Qlever» сайты мен мобильді қосымшасында рәсімделген Пайдаланушының тапсырысын орындау мен тауарды жеткізу мақсатында және мемлекеттік биліктің уәкілетті органдарының сұрауы бойынша беруге құқылы екендігімен келіседі.

5.3. Пайдаланушының дербес деректері осы Құпиялық саясатында көрсетілген дербес деректерді өңдеу мақсаттарына жеткенше немесе бұл мақсаттар қажеттілігі жойылғанша және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес деректерді сақтаудың рұқсат етілген мерзімі бойы сақталады.

5.4. Дербес деректер жоғалып немесе жарияланған жағдайда Сайт пен мобильді қосымша әкімшілігі Пайдаланушыны дербес деректердің жоғалғаны немесе жарияланғаны туралы хабардар етеді.

5.5. Сайт пен мобильді қосымша әкімшілігі Пайдаланушының дербес ақпаратын үшінші тұлғалардың заңсыз немесе кездейсоқ қолжетімділігінен, жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, көшіруден, таратудан және өзге де заңсыз әрекеттерінен қорғауға қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды жүргізеді.

5.6. Сайт пен мобильді қосымша әкімшілігі Пайдаланушымен бірлесіп, Пайдаланушының дербес деректерін жоғалтудан немесе жария болудан туындайтын залалдарды немесе өзге де теріс салдарды болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

6. Тараптардың міндеттері

6.1. Пайдаланушының міндеті:

6.1.1. «Qlever» сайты мен мобильді қосымшасын пайдалануға қажетті дербес деректер туралы ақпарат беру.

6.1.2. Бұл ақпарат өзгерген жағдайда дербес деректер туралы ұсынылған ақпаратты жаңарту және толықтыру.

6.2. Сайт әкімшілігінің міндеті:

6.2.1. Алынған ақпаратты тек қана осы Құпиялық саясатының 4-тармағында көрсетілген мақсаттар үшін пайдалану.

6.2.2. Құпия ақпараттың құпия түрде сақталуын қамтамасыз ету, оны Пайдаланушының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз жарияламау және осы Құпиялық саясатының 5.2. және 5.3. тармақтарын қоспағанда, Пайдаланушының берілген дербес деректерін сатуға, айырбастауға, жариялауға немесе басқа да ықтимал тәсілдерге жол бермеу.

6.2.3. Пайдаланушының дербес деректерінің құпиялылығын қорғау үшін қолданыстағы іскерлік айналымда осындай ақпаратты қорғау үшін әдеттегідей пайдаланылатын тәртіпке сәйкес сақтық шараларын қолдану.

6.2.4. Дұрыс емес дербес деректер немесе заңсыз іс-әрекеттер анықталған жағдайда Пайдаланушының немесе оның заңды өкілінің немесе тексеру кезеңіндегі Дербес деректер субъектілерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органның жүгінген немесе сұрау жіберген сәтінен бастап, тиісті Пайдаланушыға қатысты дербес деректерді бұғаттауды жүзеге асыру.

7. Тараптардың жауапкершілігі

7.1. Осы Құпиялық саясатының 5.2., 5.3. және 7.2. тармақтарында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Сайт пен мобильді қосымша әкімшілігі өз міндеттемесін орындамаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, дербес деректерді заңсыз пайдалануға байланысты Пайдаланушының тапсырыстың жалпы сомасынан аспайтын көлемдегі шығындары үшін жауапты болады.

7.2. Құпия ақпарат жоғалған немесе жарияланған жағдайда егер құпия ақпарат төмендегі сипаттамаларға сай келсе, Сайт әкімшілігі жауапты болмайды:

7.2.1. Жоғалып немесе жария болғанша қоғам игілігіне айналса.

7.2.2. Сайт әкімшілігі алған сәтке дейін үшінші тараптардан алынса.

7.2.3. Пайдаланушының келсімімен жария болса.

8. Дауларды шешу

8.1. «Qlever» сайты мен мобильді қосымшасының Пайдаланушысы мен Сайт, мобильді қосымша әкімшілігі арасындағы қатынастан туындаған даулар бойынша сотқа жүгінгенге дейін талап қою (дауды ерікті түрде реттеу туралы жазбаша ұсыныс) міндетті болып саналады.

8.2. Талап алушы жазбаша ұсынысты алған соң 30 күнтізбелік күн ішінде талап жолдаушыны талапты қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде хабардар етуі тиіс.

8.3. Келісімге келмеген жағдайда бұл дау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот органының қарауына жіберіледі.

8.4. Осы Құпиялық саясатына және Пайдаланушы мен Сайт, мобильді қосымша әкімшілігі арасындағы қарым-қатынастарға, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы пайдаланылады.

9. Қосымша шарттар

9.1. Сайт пен мобильді қосымша әкімшілігі осы Құпиялық саясатына Пайдаланушының келісімінсіз өзгерістер енгізуге құқылы.

9.2. Жаңа Құпиялық саясаты егер Құпиялылық саясатының жаңа редакциясында өзгеше көзделмесе, «Qlever» сайты мен мобильді қосымшасына орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді.