Жаңалық

Орталық Азияның жаңалықтар тізбегі: 25-31 тамыз 2020 ж.
ҰБТ жүргізілген аудиториялардағы бақылау камераларының бейнежазбалары тексеріліп, 158 талапкердің тест нәтижесі жойылды. Сонымен бірге аудитория кезекшісінің сұрақ кітапшасын фотоға түсіріп отырған баланы денесімен жапқаны анықталды.

Алматы әкімінің орынбасары жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартылады
«Ақсай 1/24» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Светлана Дружинина Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың қаладағы дәріханаларға дәрі-дәрмек жеткізілгені туралы жалған ақпарат таратқаны үшін полицияға арыз берді.

Орталық Азияның жаңалықтар тізбегі: 19-25 тамыз 2020 жыл.
Қазақстанның БҒМ басшысы Республикалық білім және ғылым саласының педагогтары мен қызметкерлерінің тамыз кеңесінің пленарлық отырысында жаңа оқу жылында енгізуді жоспарлап отырған жаңалықтарды баяндады. Мектепке дейінгі білім жөнінде министр балаларды мектепке дайындаудың мазмұны мен әдістерін толығымен қайта қарау жоспарланғанын атап өтті. Оның айтуынша, ерте жастан тілдерді үйрену тәсілі өзгертіледі, бағдарламалардың мазмұны балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жаңартылады. Ата-ананың өзі мемлекеттік тапсырыс бойынша бара алатын балабақшаны таңдай алады.